Қарағанды облысында банк қызметкері клиенттердің жеке деректерін алаяққа берген

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысында банк қызметкері алаяққа тұтынушылардың жеке деректерін берген, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды облысында интернет алаяқтарға алданатындар саны күн сайын артып барады.
"Кейбір жағдайларда бұндай қылмыстарға қаржы ұйымдары қызметкерлерінің де қатысы бары анықталып жатады. Мәселен, 17 мамыр күні полиция қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында 40 жастағы банк қызметкерін ұстады", – дейді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Ол өзінің 33 жастағы танысына 66 жастағы зейнеткердің жеке деректерін берген. Ал қаскүнем зейнеткерге 930 мың теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетері, жыл басынан бері аумақтық ішкі істер органдарына алаяқтардың арбауына түсу фактісі бойынша 677 қылмыстық іс тіркелген. Алаяқтар тұрғындарға 1 миллиард 16 миллион 179 мың теңге шығын келтірген. Ақпараттық жүйе арқылы бірнеше эпизод қылмыс жасаған 12 адам ұсталған.
Жалған банк қызметкерлері тарапынан тұрғындарға 400 млн теңге шығын келген.
Деньги, тенге, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2022
Нұр-Сұлтанда банк қызметкері зейнеткердің депозитінен 6 миллион теңге ұрлады
Жаңалықтар
0