https://sputnik.kz/20230524/deputat-ziyandy-tagam-salyq-engizu-35222069.html
Депутат зиянды тағамға салық енгізуді ұсынды
Депутат зиянды тағамға салық енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бүгінде әлемде зиянды тағамға салық салу практикасы айтарлықтай кең тараған
2023-05-24T15:12+0500
2023-05-24T15:12+0500
2023-05-24T15:14+0500
қоғам
зиянды тағамдар
салық
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/05/03/34492832_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_572038987d60f05400f786cc4e3351e4.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. "Қазақстан халық партиясы" фракциясының депутаттары үкіметке саңырауқұлақ пен жидекке емес, зиянды азық-түлікке салық салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бүгінде әлемде зиянды тағамға салық салу практикасы айтарлықтай кең тараған. Соңғы он жылда мұндай салық Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа да елдерде пайда болды.Депутат жидек сияқты пайдалы өнімге салық енгізгенше денсаулыққа зиянды тағамға салықты көтерген дұрыс деп есептейді."Біз зиянды тамаққа салық енгізу, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы азық-түлік сатып алу үшін ваучер беру мәселесін қарастыруды ұсынамыз. "Ақылға қонымсыз" салықты емес, елге және халыққа пайдасын тигізетін салықты енгізу қажет", - деді мәжілісмен.Айта кетері, 2024 жылдан бастап елімізде саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық енгізіледі. Оны дәрілік препарат жасайтын, коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлер төлейді. Төлем сомасын жергілікті мәслихаттар есептейді.Бұған дейін вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қарапайым халыққа жидек тергені үшін салық салынбайтынын нақтылаған еді.
https://sputnik.kz/20230420/qarapayym-khalyq-zhidek-tergeni-ushin-salyq-34138200.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/03/34492832_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_a7837bf25665d4594f1cf571b5daf310.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зиянды тағамдар фастфуд салық налог депутат
зиянды тағамдар фастфуд салық налог депутат
Депутат зиянды тағамға салық енгізуді ұсынды
15:12 24.05.2023 (жаңартылды: 15:14 24.05.2023) АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. "Қазақстан халық партиясы" фракциясының депутаттары үкіметке саңырауқұлақ пен жидекке емес, зиянды азық-түлікке салық салуды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бүгінде әлемде зиянды тағамға салық салу практикасы айтарлықтай кең тараған. Соңғы он жылда мұндай салық Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа да елдерде пайда болды.
"Медицина қызметтерінің мәліметінше, көп жағдайда бұл шара халықтың денсаулығына оң әсер еткен. Себебі салық енгізілгеннен кейін зиянды өнімдерді тұтыну азайған. Жалпы көптеген зерттеу "қоғам денсаулығын қолдауға арналған салық" өз мақсатына жеткенін көрсетіп отыр. Осы салық түрі енгізілген елдерде өндірушілер мен сатушылардың 70%-і зиянды және қосымша салық салынатын өнімдерді қысқартты", - дейді Магеррамов премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.
Депутат жидек сияқты пайдалы өнімге салық енгізгенше денсаулыққа зиянды тағамға салықты көтерген дұрыс деп есептейді.
"Біз зиянды тамаққа салық енгізу, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы азық-түлік сатып алу үшін ваучер беру мәселесін қарастыруды ұсынамыз. "Ақылға қонымсыз" салықты емес, елге және халыққа пайдасын тигізетін салықты енгізу қажет", - деді мәжілісмен.
Айта кетері, 2024 жылдан бастап елімізде саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық енгізіледі. Оны дәрілік препарат жасайтын, коммерциялық мақсатта пайдаланатын кәсіпкерлер төлейді. Төлем сомасын жергілікті мәслихаттар есептейді.
Бұған дейін вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қарапайым халыққа жидек тергені үшін салық салынбайтынын нақтылаған еді.