https://sputnik.kz/20230524/astanada-er-adam-ayelinin-mandayyn-pyshaqpen-tilip-zhiberdi-35202669.html
Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді
Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген. Абырой болғанда, келіншек аман. 24.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-24T08:02+0500
2023-05-24T08:02+0500
2023-05-24T08:02+0500
пышақ жарақаты
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995876_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_76a113dccc41e90fc4def7040b9dd97a.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген. Абырой болғанда, келіншек аман.Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Айнұрдың тұрмысқа шыққанына 3 ай болыпты. Содан бері күйеуі тыныштық бермей ұрып соғады екен. Тіпті, бүгін қолына суық қару алып қақ маңдайын тілгілеген.Айнұр секілді отбасындағы жанжалдан зардап шеккен әйелдер "Үміт" дағдарыс орталығына орналастырылады. Онда қазір 61 адам тұрады."Ең алдымен психолог көмектеседі. Одан кейін әлеуметтік жағынан көмек беріледі. Заңгерлеріміз ажырасу керек болса, алимент өндіруге қол ұшын береді", - дейді "Үміт" дағдарыс орталығының қызметкері: Жұлдыз Баймағанбетова.Тәртіп сақшыларының айтуынша, 102 нөміріне зорлық-зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр бір жылда 17 мыңға жуық арыз тіркелген. Биыл ол көрсеткіш артпаса, кем емес дейді."Әйел адамның немесе жәбірленушінің денесінде қандай да бір зорлық-зомбылықтың ізі болса, сол арқылы және бейнежазба арқылы көршілерінің, туыстарының ауызша хабарламалары арқылы хаттама толтырылып, материалды сотқа жіберуге болады", - дейді қалалық ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.Рейд кезінде Сарыарқа ауданы бойынша 7 қоңырау түсті. Оның 2-іне қатысты арыз жазылды. Іс сотқа жолданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995876_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_5661ae96c0c1a822a61dcf45335a9722.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пышақ жарақаты, зорлық-зомбылық
пышақ жарақаты, зорлық-зомбылық
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген. Абырой болғанда, келіншек аман.
Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
Айнұрдың тұрмысқа шыққанына 3 ай болыпты. Содан бері күйеуі тыныштық бермей ұрып соғады екен. Тіпті, бүгін қолына суық қару алып қақ маңдайын тілгілеген.
"3-4 рет үндеген жоқпын. Жасым 31-де,91 жылғымын. Ал ол 68 жылғы. Бірінші құлақтан ұрды, сосын пышақпен ұрды", - дейді Айнұр.
Айнұр секілді отбасындағы жанжалдан зардап шеккен әйелдер "Үміт" дағдарыс орталығына орналастырылады. Онда қазір 61 адам тұрады.
"Ең алдымен психолог көмектеседі. Одан кейін әлеуметтік жағынан көмек беріледі. Заңгерлеріміз ажырасу керек болса, алимент өндіруге қол ұшын береді", - дейді "Үміт" дағдарыс орталығының қызметкері: Жұлдыз Баймағанбетова.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 102 нөміріне зорлық-зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр бір жылда 17 мыңға жуық арыз тіркелген. Биыл ол көрсеткіш артпаса, кем емес дейді.
"Әйел адамның немесе жәбірленушінің денесінде қандай да бір зорлық-зомбылықтың ізі болса, сол арқылы және бейнежазба арқылы көршілерінің, туыстарының ауызша хабарламалары арқылы хаттама толтырылып, материалды сотқа жіберуге болады", - дейді қалалық ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.
Рейд кезінде Сарыарқа ауданы бойынша 7 қоңырау түсті. Оның 2-іне қатысты арыз жазылды. Іс сотқа жолданды.