https://sputnik.kz/20230524/almaty-oblysy-bilim-basqarmasynyn-buryngy-basshysy-maygul-omarova-10-zhylga-sottaldy-35202441.html
Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды
Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды
Сот алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталған бір топ мемлекеттік қызметкерге үкім шығарды 24.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-24T08:28+0600
2023-05-24T08:28+0600
2023-05-24T08:44+0600
сот
білім
сыбайлас жемқорлық
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 мамыр – Sputnik. Талдықорған соты пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысы білім басқармасының бір топ қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ведомствоның мәліметінше, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар. Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (Пара алу), 367-бабының 4-бөлігі (Пара беру), 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық), 371-бабының 2-бөлігі (Немқұрайлылық) бойынша айып тағылды.Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адаммен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекетке барған.Сотталушылардың екеуі, оның ішінде Омарова да кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.Сот үкімі заңды күшіне енді.Еске сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен оның сыбайластары – өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Меңлібаев пен оның қарамағындағы Нүкеновті, сондай-ақ облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы Абдолданованы ұстаған болатын.
https://sputnik.kz/20210211/Almaty-oblysyn-sheneunik-16264887.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
сот, білім, сыбайлас жемқорлық
сот, білім, сыбайлас жемқорлық
Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды
08:28 24.05.2023 (жаңартылды: 08:44 24.05.2023) Сот алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталған бір топ мемлекеттік қызметкерге үкім шығарды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 мамыр – Sputnik. Талдықорған соты пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысы білім басқармасының бір топ қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар. Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (Пара алу), 367-бабының 4-бөлігі (Пара беру), 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық), 371-бабының 2-бөлігі (Немқұрайлылық) бойынша айып тағылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адаммен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекетке барған.
"Ол бақылауындағы үлестес фирмалармен оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырған. Сотталушылар бюджет қаражатын жымқырумақсатында осы ноутбуктерге контрафактілік үлгідегі заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатқан,яғни қаржы жұмсамай, оларды интернет арқылы жүктеп алған. Салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде 122 996 086 теңге көлемінде шығын келтірілген", - делінген сот хабарламасында.
Сотталушылардың екеуі, оның ішінде Омарова да кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен оның сыбайластары – өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Меңлібаев пен оның қарамағындағы Нүкеновті, сондай-ақ облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы Абдолданованы ұстаған болатын.