Қоғам

Ұшақ құстармен соқтығысқан: FlyArystan рейстер кешігетінін ескертті

© Sputnik / Andranik GhazaryanАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының ұшақтары құстармен соқтығысқан. Осыған байланысты екі рейс жоспарланған уақыттан кешігіп жатыр.
23 мамыр күні құстармен соқтығысу салдарынан мына рейстер кешігіп ұшады:
КС7362 Түркістан – Астана; ұшып шығу уақыты сағат 10:20-ға ауыстырылды;
КС7342 Қостанай – Астана; ұшып шығу уақыты 19:05-ке ауыстырылды.
"Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар flyarystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады", - деп хабарлады FlyArystan әуе компаниясы.
Әуе компаниясы тарапынан рейс жолаушыларына мынадай қолдау көрсетіледі:
екі сағаттан артық кешіксе, жолаушылар алкогольсіз сусын, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын сұрай алады.
төрт сағаттан артық кешіксе, ыстық тамақ беріледі.
бес сағаттан артық кешіксе, бір рет тегін билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
Самолеты на взлетно-посадочной полосе - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан ұшақ мәжбүрлі түрде қонды
Жаңалықтар
0