Семейде үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Семей қаласында кішкентай бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан obvk.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл оқиға 22 мамыр күні қаладағы 1-ші шағын ауданда болған. Күндіз шамамен сағат 12.30-де 2019 жылы туған бала төртінші қабаттан құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол ашық тұрған терезенің торына сүйеніп тұрған. Тордың бекіткіштері үзіліп, бала жерге құлаған.
Оқиға орнына бірден полиция мен жедел жәрдем барды. Баланың жарақаты көп. Оны шұғыл облыстық ауруханаға жеткізді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Бір күнде 2 бала терезеден құлап кетті – балалардың жағдайы ауыр
Жаңалықтар
0