https://sputnik.kz/20230523/qazaqstanda-qarttar-men-balalardyn-ulesi-42-dan-asty-35178259.html
Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асты
Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Былтыр жыл соңында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшылары ұзақ мерзімді демографиялық болжам жасады, деп хабарлады... 23.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-23T10:29+0500
2023-05-23T10:29+0500
2023-05-23T10:29+0500
бала туу
қарт
халық саны
https://sputnik.kz/img/313/55/3135527_0:26:1281:746_1920x0_80_0_0_dc1306b1ba282926476c6fb7d2f03280.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Былтыр жыл соңында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшылары ұзақ мерзімді демографиялық болжам жасады, деп хабарлады Finprom.kz.Бұл құжатта сарапшылар 2050 жылға дейін халық санының өсуінің үш ықтимал сценарийін есептеді — базалық, оптимистік және пессимистік.Барлық үш даму сценарийі бойынша Қазақстандағы демографиялық жүктеме жоғары деңгейде қалады.Соңғы бес жылда Қазақстанда демографиялық жүктеме айтарлықтай өсті. Еліміздегі еңбекке жарамды әрбір мың азаматқа 740 қарт пен баладан келеді.Туу мен қайтыс болудың қазіргі өсу үрдістерін ескере отырып, яғни базалық сценарий бойынша жалпы тәуелділік коэффициенті алдымен төмендейді: 2025 жылға қарай — 712-ге, 2035 жылға қарай — 681-ге дейін. Болашақта өсімді күтуге болады. Ал 2050 жылға қарай жұмыс істейтін мың адамға шаққанда 773 тәуелді адам болмақ.Жалпы, Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асып кетті. Бұған соңғы жылдардағы беби-бум және халықтың қартаюы ықпал етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/313/55/3135527_55:0:1192:853_1920x0_80_0_0_6d26e5c09eceb0ce11001f0b4724b9a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала туу, қарт, халық саны
бала туу, қарт, халық саны
Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асты
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Былтыр жыл соңында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ сарапшылары ұзақ мерзімді демографиялық
болжам жасады, деп хабарлады Finprom.kz.
Бұл құжатта сарапшылар 2050 жылға дейін халық санының өсуінің үш ықтимал сценарийін есептеді — базалық, оптимистік және пессимистік.
Барлық үш даму сценарийі бойынша Қазақстандағы демографиялық жүктеме жоғары деңгейде қалады.
Соңғы бес жылда Қазақстанда демографиялық жүктеме айтарлықтай өсті. Еліміздегі еңбекке жарамды әрбір мың азаматқа 740 қарт пен баладан келеді.
Туу мен қайтыс болудың қазіргі өсу үрдістерін ескере отырып, яғни базалық сценарий бойынша жалпы тәуелділік коэффициенті алдымен төмендейді: 2025 жылға қарай — 712-ге, 2035 жылға қарай — 681-ге дейін. Болашақта өсімді күтуге болады. Ал 2050 жылға қарай жұмыс істейтін мың адамға шаққанда 773 тәуелді адам болмақ.
Жалпы, Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асып кетті. Бұған соңғы жылдардағы беби-бум және халықтың қартаюы ықпал етті.