Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінді

Иллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Алдағы қысқа дайындық шаралары аясында үкімет резервінен Көкшетау қаласындағы қазандықтарды жөндеуге 1,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz порталына сілтеме жасап.
Бүгінде қалада екі қазандық – 1-АҚ (1977 ж.) және 2-АҚ (1998 ж.) халықты жылумен қамтамасыз етіп отыр. Біріншісі – жалпы қуаты 294 Гкал/сағ болатын 3 газ-мазутты қазандығы, екіншісі – қуаттылығы 280 Гкал/сағ болатын 3 ұнтақ көмір қазандығы. Екеуі де әбден тозған.
"Қысқа дайындық қарсаңында түтін мұржаларын, қазандық қондырғыларын, газ құбырларын, ауа жылытқыштарын жөндеу және басқа да жұмыстары жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы және одан кейінгі жылыту маусымы іркіліссіз өтуі қажет", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Көкшетауда жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен жалпы жергілікті экономиканың дамуына байланысты энергияға сұраныс артып келеді. Оны толығымен өтеу үшін жылу электр орталығының құрылысы пысықталып жатыр.
ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын толық қаржыландыру қажет:  Смайылов Ұлытау облысына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын толық қаржыландыру қажет: Смайылов Ұлытау облысына барды
Жаңалықтар
0