Шымкент базарында қалта ұрысының әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинБазар, архивтегі фото
Базар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Бір жарым айдың ішінде шымкенттіктерден 800 мың теңгенің мүлкін жымқырған Атырау тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полицияға базарға барған әйел арызданды. Белгісіз біреу оның ұялы телефонын ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары алдымен базардағы бейнебақылау камераларын тексерді. Оған қалта ұрысының әрекеті түсіп қалған. Ол қолындағы күртешесімен жәбірленушінің қалтасын жауып, смартфонды қолды қылған.
Полиция бейнекамералар мен куәгерлердің көмегімен ер адамның қайда барғанын анықтап, бірнеше сағаттың ішінде жалдамалы пәтерде ұстады. Атырау облысының 41 жастағы тұрғыны бұған дейін тура солай төрт адамның телефонын ұрлаған. Шымкенттіктерге келген шығынның сомасы – 800 мың теңге.
Қазіргі қалта ұрысы қамауға алынды. Бұған дейін ол осындай қылмыс жасаған үшін сотты болған. Осы жолы жаза қатаң болады.
Жаңалықтар
0