Қазақстанда кәсіби мерекелер тізімі жаңарады

© Photo : Пресс-служба акима Астаны Государственный флаг Казахстана над столицей
Государственный флаг Казахстана над столицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 мамыр - Sputnik. Қазақстандағы кәсіби мерекелер жобасын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Ашық НҚА порталы.
Жоба Ашық НҚА порталында талқылауға қойылды. Министрлік ұсынған тізімге 50 кәсіби мереке кірген.
Кәсіби мерекелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар
2. Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі
3. Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі
4. Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір
6. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр
7. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр
8. Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні – мамырдың соңғы жексенбісі
9. Эколог күні – 5 маусым
10. Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні – 7 маусым
11. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым
12. Полиция күні – 23 маусым
13. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым
14. Судья және сот қызметкері күні – 24 маусым
15. Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі
16. Малшылар күні – маусымның екінші жексенбісі
17. Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі
18. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – 28 маусым
19. Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде
20. Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде
21. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні – 13 шілде
22. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні – шілденің екінші жексенбісі
23. Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі
24. Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі
25. Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі
26. Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі
27. Шекарашылар күні – 18 тамыз
28. Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі
29. Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі
30. Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек
31. Әділет органдары қызметкерлері күні – 30қыркүйек
32. Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі
33. Радио күні – 1 қазан
34. Мұғалім күні – 5 қазан
35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан
36. Қазақстан кәсіптік одақтарының күні – 10 қазан
37. Құтқарушы күні – 19 қазан
38. Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі
39. Кітапханашы күні – 24 қазан
40. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі
41. Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні – 29 қазан
42. Сыртқы барлау күні – 5 қараша
43. Статистика күні – 8 қараша
44. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша
45. Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 15 қараша
46. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі
47. Прокуратура күні – 6 желтоқсан
48. Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі
49. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан
50. Архивші күні – 22 желтоқсан
Жаңалықтар
0