Видео

Аяқ-қолымен 8 суретті қатар салатын қыздың өнері жұртты таңғалдырды – видео

Жазылу
Элвис Пресли, Мэрилин Монро, Альберт Эйнштейн, Зендая, Джастин Бибер, Гарри Стайлс, Одри Хепберн, Хаби Ламе. Суретші қыз осы танымал тұлғалардың портретін бір уақытта салады. Сурет қалай шықты? Видеодан көріңіз!
"Бұған зейін және шыдамдылық керек, көп нәрсені ойлауға тиіссің. Өнер туындысын жасайтын сәтте тыныштық болғанын қалаймын, бар зейінімді салуым керек, әйтпесе жақсы дүние жасай алмаймын", - деп жазды ролик авторы.
Видеодан жас қыздың қылқаламмен, қарындашпен атақты адамдардың портретін салып жатқанын көруге болады. Дегенмен, ең қызығы, ол бірден 8 сурет салады және екі қолымен ғана емес, екі аяғымен де сурет салады!
Ал кейбір қолданушылар суретшінің шеберлігінің растығына күмән келтірді. "Бұл ақылға сыймайды. Мұндай суреттерді аяқтың көмегімен бейнелеу мүмкін емес!", - деп жазды комментаторлардың бірі.
Кейбіреулер тіпті мұны жасанды интеллект көмегімен жасап жатыр деп болжады. Өзіңіз бағамдап көріңіз!
Жаңалықтар
0