Astana Half 2023 жартылай марафонына екі мыңға жуық адам қатысты

© Photo : Акимат АстаныAstana Half 2023 жартылай марафонына екі мыңға жуық адам қатысты
Astana Half 2023 жартылай марафонына екі мыңға жуық адам қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Елордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты.
Жарысқа қатысу үшін Астанаға Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Польша, Ресей, Украина елдерінің және Қазақстанның 30-дан астам қаласының тұрғындары келді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
© Photo : Акимат АстаныЕлордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
Около двух тысяч человек от 16 до 75 лет приняли участие в столичном полумарафоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Елордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
Жарысқа қатысушылар 21,1 км және 5 км қашықтықта сынға түсті.
Жаңадан бастаушылар үшін 21,1 км және 5 км қашықтықта жүгіру ұсынылды. Ал тәжірибелі спортшылар биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық жүргізді.
© Photo : Акимат АстаныЕлордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
Около двух тысяч человек от 16 до 75 лет приняли участие в столичном полумарафоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Елордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
Astana half 2023 ережесіне сәйкес, жарысқа 18 жастан асқан адамдар 21.1 шақырымға және 16 жастан 5 шақырымға тіркеле алады.
21,1 км маршрут бойынша изотоника, гельдер, су және жемістер ұсынылды.
Спорттық іс-шараны Астана әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events компаниясы ұйымдастырады.
© Photo : Акимат АстаныЕлордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
Около двух тысяч человек от 16 до 75 лет приняли участие в столичном полумарафоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Елордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
"Astana Half және Astana Marathon – қайырымдылық акцияларының тұрақты қатысушылары. Бірнеше жылдан бері қаражаттың бір бөлігі Қазақстандағы бала мен сәби өлімі және мүгедектігін азайтуға бағытталған AYALA Қайырымдылық Қорының жобаларына бағытталып келеді", - деп жазылған елорда әкімдігінің хабарламасында.
© Photo : Акимат АстаныЕлордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
Около двух тысяч человек от 16 до 75 лет приняли участие в столичном полумарафоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Елордада өткен жартылай марафонға16 мен 75 жас аралығындағы екі мыңға жуық адам қатысты
Биыл Astana Marathon ұйымдастырушылары AYALA қорының Қазақстанның балалар ауруханаларын өмірлік маңызды жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі "Өмірден ләззат алайық"жобасын қолдап жатыр.
Жаңалықтар
0