Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Артемовскті азат ету - стратегиялық жеңіс

© Sputnik / Иван Родионов / Медиабанкке өтуРоссийские силы освободили Артемовск
Российские силы освободили Артемовск - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Жазылу
Ресей әскерінің Соледарск-Бахмуттағы 224 күндік шабуыл операциясы Артемовск қаласын толық азат етумен аяқталды. Ресейдің бұл стратегиялық жетістігі арнайы әскери операция үшін жаңа бағыттар мен шекараларды ашады, Батыс және Киев режимінің Украинаның әскери іс-қимылдар театрындағы ресурстарын әлсіретеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
"Вагнер" жасақтарының шабуылдау әрекеттерінің нәтижесінде әкердің "Южная" күштер тобының артиллериясы мен авиациясының қолдауымен 20 мамырда Артемовск қаласын азат ету аяқталды. Бұл жеңістің мәні қақтығыс географиясынан әлдеқайда маңызды және ауқымды.
224 күн ішінде ресейлік күштер Бахмутта 100 мыңға жуық украиналық әскери қызметшіні және мыңдаған әскери техниканы жойды, логистикалық торапты қиратты, Украина Қарулы күштерінің жауынгерлік әлеуетін айтарлықтай төмендетті. "Бахмут бекінісінің" құлауы Ресей Федерациясының Қарулы Күштері үшін ең алдымен Славян-Краматорск бағытында шабуылдау әрекеттерінің жаңа жедел бағыттарын ашады. Артемовсктің азат етілуі бүкіл әлемге Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылының болуы екіталай екенін көрсетті, НАТО-ның осал тұстарын және Батыстың Киевке әскери қолдауының мағынасыздығын дәлелдеді.
"Бахмут/Артемовсктен айырылу Украина армиясының жартысына жуығын Ресеймен күреске құрбан еткен Владимир Зеленский үшін үлкен трагедия. Ол Батыстың қру-жарақ жеткізілімдері мен несиелерінен қол үзбеуді көздегені белгілі. Қазір осы мәселеде Киев үшін алаңдатарлық жағдайлар анықталып отыр", - деп жазды Хроленко.
Болашақта АҚШ пен НАТО белгілі бір көлемде F-16 жойғыш ұшақтарын жеткізуге және Украина Қарулы күштерінің ұшқыштарын оқытуға уәде бергендей. Алайда олар америкалық F-16 ұшақтары Киевтегі Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің тағдырын қайталауды қаламайды. АҚШ-тың бағасы 375 миллион доллар болатын әскери көмегінің кешегі пакеті аса ауқымды емес: бұл қосымша 155 және 105 миллиметрлі артиллериялық снарядтар, HIMARS арналған оқ-дәрілер, Javelin, AT-4, TOW танкке қарсы жүйелері.
Әскери сарапшының пікірінше, украиналық әскери іс-қимылдар театрында HIMARS, Javelin және басқа жүйелер өздерінің тиімсіздігін дәлелдеді. Украина Қарулы күштерін қолдауға арналған америкалық қаражат таусылып жатыр, ал 375 миллион доллар көлеміндегі қаражат оқ-дәрі түрінде бар болғаны 75 мың дана 155 миллиметрлі снарядты құрайды. Бұл Украина Қарулы күштері артиллериясының екі апталық шығын нормасы.
Артемовск және одан бұрын Соледар азат етілгеннен кейін, ресейлік қолбасшылық шабуылдау операциялары үшін жедел бағыттарды, тактикалық шешімдерді, күштер мен атыс қаруларын кең таңдауға мүмкіндік алды. Бахмутқа жақын жерде Украина Қарулы күштері уақытша басып алған және үлкен бекініс аудандарына айналдырған Часов Яр, Торецк, Константиновка, Дружковка, Славянск, Краматорск сияқты басқа да елді мекендер бар. Ресей әскерлері аталған аудандарда, сондай-ақ Николаев және Одессада, Днепропетровск және Харьковта Украина Қарулы күштерінің жеке құрамын, әскери техникасын, нысандарын, арсеналдарын және жанармай қоймаларын майдан шебінде және жаудың жедел тылының бүкіл тереңдігінде жоюды жалғастырып жатыр.
Украинаның қарсы шабуылы Артемовсктің солтүстігі мен оңтүстігіндегі аймақта тоқтап қалғаннан кейін Киев режимі қай бағытта әрекетті үдетуге тырысатынын әлі шешкен жоқ. Украина президенті әрі Жоғарғы қолбасшы Владимир Зеленский Жапонияның Хиросима қаласында жүрген шақта Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығы Ресейдің қару-жарағына төтеп беру қиындығы туралы шағымданып жатыр.
Ұжымдық Батыс екі оттың арасында қалғандай және ол Украинадағы әскери іс-қимылды Вашингтонның шарты бойынша тез арада тоқтатқысы келеді. Себебі қазіргі эскалацияны НАТО аумағындағы толық ауқымды әскери операцияға айналдырғысы келмейді. Жалпы Батыс жалпы алғанда әскери іс-қимылдар Украина аумағынан тыс шыққанын қаламайды.
The American Conservative басылымы былай деп жазды: "Ұзаққа созылған қақтығыстың шығындары мен тәуекелдері Ресейден бұрын әсіресе қаржылық жағынан шектелген және саяси тұрақсыз Америка үшін үлкен болады".
"Еуроодақ сыртқы істер министрлері күні кеше Ресейге қарсы санкциялардың он бірінші пакеті мен Еуропалық Бейбітшілік қорынан Украинаға жаңа әскери жүк жеткізу туралы бір шешімге келе алмады. CNBC арнасының хабарлауынша, еуропалық шенеуніктер Байденнің 2024 жылғы сайлауда жеңіліп қалуына дайындалып жатыр және олар Украина мәселесін АҚШ-сыз шешуге мәжбүр боламыз деп алаңдайды", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0