https://sputnik.kz/20230521/taldyqorganda-eradamdy-alabayqauyp-aldy-35110919.html
Талдықорғанда ер адамды алабай қауып алды
Талдықорғанда ер адамды алабай қауып алды
Sputnik Қазақстан
Оқиға кеше кешке қала саяжайларының бірінде болды 21.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-21T14:35+0500
2023-05-21T14:35+0500
2023-05-21T14:50+0500
қабаған ит
https://sputnik.kz/img/1009/93/10099357_0:960:2048:2112_1920x0_80_0_0_4db739ea8548cd1fef989483f25ee3f1.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда үлкен алабай ересек адамға тап беріп, қауып алды.Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.Байлаудан босап кеткен алабай өтіп бара жатқан адамға тарпа бас салған. Ер адам иттен әрең құтылған.Иттің иесі 43 жастағы әйел жергілікті тұрғын болып шықты, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды."Әйел алабай тұқымдас үш итті асырайды, олардың біреуі жіптен босап, көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамды қауып алды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Іс жүзінде хаттама жасалды", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазіргі күні әйел ветеринарлық қызметпен иттерді одан әрі асырау мәселесін шешіп жатыр.
https://sputnik.kz/20230515/qostanay-oblysynda-pitbul-3-zhasar-balany-talap-tastady-34884529.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1009/93/10099357_0:768:2048:2304_1920x0_80_0_0_77869d16876b1b77735e1fa3b6db73de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қабаған ит
Талдықорғанда ер адамды алабай қауып алды
14:35 21.05.2023 (жаңартылды: 14:50 21.05.2023) Оқиға кеше кешке қала саяжайларының бірінде болды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда үлкен алабай ересек адамға тап беріп, қауып алды.
Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.
Байлаудан босап кеткен алабай өтіп бара жатқан адамға тарпа бас салған. Ер адам иттен әрең құтылған.
"Алабай маған көшеде тап берді. Маған басқа адам көмектесті. Екеулеп әрең құтылдық. Сақ болыңыздар. Егер менің орнымда бала болса аман қалмас еді", - дейді жәбірленуші видеода.
Иттің иесі 43 жастағы әйел жергілікті тұрғын болып шықты, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Әйел алабай тұқымдас үш итті асырайды, олардың біреуі жіптен босап, көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамды қауып алды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Іс жүзінде хаттама жасалды", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі күні әйел ветеринарлық қызметпен иттерді одан әрі асырау мәселесін шешіп жатыр.