"Саламатты Қазақстан" пойызы Жетісу облысына барды

© Photo : Пресс-служба Фонда развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust"Саламатты Қазақстан" пойызы, архивтегі фото
Саламатты Қазақстан пойызы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Қазақстан бойынша сапарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" компаниясы.
Осы аптада медициналық пойыз Жетісу облысына барды. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, кеңестер берілді. Калпе станциясында тұрғындар дәрігерлерді халық музыкасымен қарсы алды. Келесі аптада медициналық пойыз Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына барады.
"Медициналық пойыз келесі аптада сіз немесе туыстарыңыз тұратын аймаққа жетіп қалуы мүмкін. Нақты кестеге назар салыңыз!", - деп хабарлады ведомство.
© Photo : "Самұрық-Қазына" компаниясы"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының жұмыс кестесі
Саламатты Қазақстан медициналық пойызының жұмыс кестесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2023
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының жұмыс кестесі
Кейбір дәрігерге қолы жетпей жүрген тұрғындар үшін медициналық пойыздың пайдасы мол, дейді компания мамандары.
Жаңалықтар
0