https://sputnik.kz/20230521/aurukhana-gospitaldyq-farmatsiya-bolimshesi-35109932.html
Елордалық ауруханада госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды
Елордалық ауруханада госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында алғаш рет госпиталдық фармацияның жаңа бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды... 21.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-21T13:56+0500
2023-05-21T13:56+0500
2023-05-21T13:56+0500
денсаулық
аурухана
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_6c8a9e2c5517bf26a41785f377681cf4.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында алғаш рет госпиталдық фармацияның жаңа бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, басты мақсат – пациенттерге препараттарды жеткізу жүйесін цифрландыру, дәрі-дәрмектің дербестендірілген есебін жүргізу.Госпиталдық фармация бөлімшесінің жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптардың бірі саналады. Қазір қала бойынша 9 стационар жұмыс істейді, алдағы уақытта бұл жүйені барлық көпбейінді ауруханаға енгізу жоспарланып отыр."Жобаның негізгі міндеті – дәрігерлердің тағайындауымен дәрілік заттарды уақтылы және сапалы дайындау және буып-түю, сондай-ақ оларды медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу. Клиникалық фармаколог әр пациентке жас, салмақ, қарсы көрсетілімдер, тәуліктік доза және тағы басқа параметрлері бойынша тағайындайды. Бұл жобаны іске асыру кезінде біздің клиникада жұмыс істейтін Акгюн ақпараттық жүйесінің дайындығы маңызды рөл атқарды", - деді №2 КБА бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаев.Аурухана басшысы болашақта клиниканың екі жеке ғимаратын біріктіретін және қабылдау бөлмешесінің хабына айналатын жаңа ғимараттың жобасын ұсынды. Дәл осы жерде балаларға арналған жаңа травматологиялық пункт ашу жоспарлануда.Ауруханада пациентке бағытталған моделді дамыту мақсатында электронды кезек енгізілді, пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу алгоритмі пысықталды. Жақын арада барлық ниет білдіруші онлайн режимде бос төсек-орындардың санын көре алады, ол клиниканың сайтында да қолжетімді болады.
https://sputnik.kz/20230505/aqtobe-oblysynda-medbikenin-basyna-aurukhana-tobesi-qulap-ketti-34594290.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_b223808ed06cf07256330cabd0b89096.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аурухана
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасында алғаш рет госпиталдық фармацияның жаңа бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, басты мақсат – пациенттерге препараттарды жеткізу жүйесін цифрландыру, дәрі-дәрмектің дербестендірілген есебін жүргізу.
"Мұнда берілетін дәрі-дәрмектің саны автоматты түрде бақыланады. Бұл бөлімшенің бірегейлілігі: медициналық дәрі-дәрмекке жұмсалатын шығыстарды үнемдеу. Сонымен қатар, дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды. Алдын ала есептеулер бойынша жоба жылына 400 млн теңгеге дейін бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді", - дейді Мұратов.
Госпиталдық фармация бөлімшесінің жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптардың бірі саналады. Қазір қала бойынша 9 стационар жұмыс істейді, алдағы уақытта бұл жүйені барлық көпбейінді ауруханаға енгізу жоспарланып отыр.
"Жобаның негізгі міндеті – дәрігерлердің тағайындауымен дәрілік заттарды уақтылы және сапалы дайындау және буып-түю, сондай-ақ оларды медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу. Клиникалық фармаколог әр пациентке жас, салмақ, қарсы көрсетілімдер, тәуліктік доза және тағы басқа параметрлері бойынша тағайындайды. Бұл жобаны іске асыру кезінде біздің клиникада жұмыс істейтін Акгюн ақпараттық жүйесінің дайындығы маңызды рөл атқарды", - деді №2 КБА бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаев.
Аурухана басшысы болашақта клиниканың екі жеке ғимаратын біріктіретін және қабылдау бөлмешесінің хабына айналатын жаңа ғимараттың жобасын ұсынды. Дәл осы жерде балаларға арналған жаңа травматологиялық пункт ашу жоспарлануда.
Ауруханада пациентке бағытталған моделді дамыту мақсатында электронды кезек енгізілді, пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу алгоритмі пысықталды. Жақын арада барлық ниет білдіруші онлайн режимде бос төсек-орындардың санын көре алады, ол клиниканың сайтында да қолжетімді болады.