Испанияда орман өртеніп жатыр

© Sputnik / Сергей Батурин / Медиабанкке өтуПожар на заводе
Пожар на заводе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр - Sputnik. Испанияда орман өрті Португалия шекарасына жақын маңдағы 8000 гектар жерді жойып жіберді.
Ресми мәліметтер бойынша, төтенше жағдайлар қызметі бір түнде Испанияның батысындағы 600-ге жуық ауыл тұрғынын эвакуациялады. Қатты соққан жел Экстремадура аймағындағы Лас-Хурдес пен Сьерра-де-Гата аудандарында өртті одан ары өршітіп тұр.
Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланып, жолдар жабылды. Биліктің мәліметінше, 260 өрт сөндіруші мен 165 сарбаз тілсіз жаумен күресіп жатыр.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, өртке Португалия шекарасына жақын жерде қасақана қойылған өрт себеп болған.
Қаза тапқан сержант Арслан Құрманбековтың анасына III дәрежелі Айбын ордені табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Медеудегі өрт: қаза тапқан Арслан Құрманбековтың анасына "Айбын" ордені табысталды
Жаңалықтар
0