G7 өңірлік мәселелерді шешу үшін Орталық Азиямен ынтымақтасуға ниетті

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото флагов стран-участниц Евразийского экономического союза (ЕАЭС)
Архивное фото флагов стран-участниц Евразийского экономического союза (ЕАЭС) - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр - Sputnik. G7 өңірлік сын-қатерлерді реттеу үшін Орталық Азия елдерімен ынтымақтасуға ниетті, деп хабарлады G7 ұйымының көшбасшылары.
"Біз әртүрлі өңірлік сын-қатерлерді реттеу үшін Орталық Азия елдерімен ынтымақтасуға ниет білдіреміз", - делінген хабарламада.
Құжатқа сәйкес, бұл Украинадағы жағдай, Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздығы, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, терроризм және климаттың өзгеруі.
G7 елдері сауда және энергетикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТКХМ) қоса алғанда, көлік саласындағы жобаларды қолдамақ.
TХКМ Қытай, Қазақстан, Каспий теңізінің акваториясы, Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы өтіп, Еуропа елдеріне қарай өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 19-21 мамыр күндері Жапонияның Хиросима қаласында 49-шы "Үлкен жетілік" саммиті (G7) өтіп жатыр.
Глобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2023
Әлем
Ресейдің сыртқы істер министрі G7 мемлекеттері мен Орталық Азия елдері туралы айтты
Жаңалықтар
0