https://sputnik.kz/20230519/zholga-mal-shyqqan-zhagdayda-eskertu-zhasaytyn-tekhnologiya-synaqtan-otkizile-bastady-35069437.html
Жолға мал шыққан жағдайда ескерту жасайтын технология сынақтан өткізіле бастады
Жолға мал шыққан жағдайда ескерту жасайтын технология сынақтан өткізіле бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Жолшылар жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны сынақтан өткізе... 19.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-19T13:54+0500
2023-05-19T13:54+0500
2023-08-10T11:59+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e4/07/18/14564356_0:93:3310:1955_1920x0_80_0_0_3847b70ee80d449bae4ea8c141ec19bf.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Жолшылар жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны сынақтан өткізе бастады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".Республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей" күре жолының 102 шақырымында жануарлардың кесірінен болатын жол апаттарының алдын алуға арналған "Қорғау" автономды жарық-сигналдық кешені сынақтан өтіп жатыр.Мамандар бұл тәжірибелік-эксперименттік учаскені жолдың екі жағында мал шаруашылығы болған соң таңдады.Сынақтан өтіп жатқан кешен зияткерлік коммуникация жүйесіне негізделген бірнеше құрылғыдан (посттардан) тұрады. Бұл технологияның басты артықшылығы — көлік жүргізушілері қараусыз жайылған үй жануарлары кенеттен жол бойына шыққан кезде ескерту сигналын алады. Құрылғы күндіз де, түнгі уақытта да жұмыс істейді.Технологияны отандық "Nur-Saylet" компаниясы ойлап тапты.Технология сынақтан сәтті өткен жағдайда оны басқа да республикалық маңыздағы тасжолдарға орнату көзделіп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/18/14564356_290:0:3021:2048_1920x0_80_0_0_27887318156430294860dce9a50159d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Жолшылар жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны сынақтан өткізе бастады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей" күре жолының 102 шақырымында жануарлардың кесірінен болатын жол апаттарының алдын алуға арналған "Қорғау" автономды жарық-сигналдық кешені сынақтан өтіп жатыр.
Мамандар бұл тәжірибелік-эксперименттік учаскені жолдың екі жағында мал шаруашылығы болған соң таңдады.
Сынақтан өтіп жатқан кешен зияткерлік коммуникация жүйесіне негізделген бірнеше құрылғыдан (посттардан) тұрады. Бұл технологияның басты артықшылығы — көлік жүргізушілері қараусыз жайылған үй жануарлары кенеттен жол бойына шыққан кезде ескерту сигналын алады. Құрылғы күндіз де, түнгі уақытта да жұмыс істейді.
Технологияны отандық "Nur-Saylet" компаниясы ойлап тапты.
Технология сынақтан сәтті өткен жағдайда оны басқа да республикалық маңыздағы тасжолдарға орнату көзделіп отыр.