Жамбыл облысында көр қазушылар көне қазан тауып алды – видео

© Photo : 24.kzБесағаш ауылынан табылған қола қазан
Бесағаш ауылынан табылған қола қазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында сақ мәдениетіне жататын көне қазан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Көне жәдігердің салмағы – 50 келі. Бесағаш ауылының тұрғындары оны қабір қазып жатқанда тауып алды. Ғалымдардың пайымдауынша, қазанды біздің заманымызға дейінгі 5-3 ғасырлар аралығында, яғни, ерте темір дәуірі кезінде сақтар қолданған болуы мүмкін.
"Жәдігер Жамбыл облысының аймағында ерте темір дәуіріне тән мәдениеттің кең тарағандығын, және қайталанбайтын қолөнер туындыларының болғандығын көрсетіп отыр. Алдағы уақытта археолог ғалымдар сол жерде кешенді түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу керек", - дейді археолог Сауран Қалиев.
Мамандар көне жәдігерді жан-жақты зерттеп, қалпына келтіруді көздейді. Ал ауыл тұрғындары қазан ауылда қалса екен дейді. Алдағы уақытта жергілікті билікпен бірігіп музей ашып, тарихи жерден табылған көне заттарды сонда қоюы мүмкін.
"Атлақ" шайқасы болған. Жас кезімізде сол жерден көп құмыра таптық. Сынық қылыш та шықты. Ол біреудің үйінде тұр ғой. Музей ашып, бәрін жинау керек. Мектептің бір бұрышынан музей ашу үшін басшылығымен сөйлестік", - деп атап өтті ауыл тұрғыны Ертай Оразбаев.
Жаңалықтар
0