Өңірлер

Жамбыл облысында тас жолда келе жатқан көлік жүргізушісі қарсы бетке шығып кетті

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысының полицейлері тас жолда қарсы бетке шығып кеткен автокөлік жүргізушісін анықтады. Ол алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.
Daewoo Nexia жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жолда қауіпті жағдай туғызған.
Іздестіру шаралары нәтижесінде Жамбыл облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлік иесін тапты. Жол ережелерін өрескел бұзған азамат Шымкент тұрғыны болып шықты.
Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-бөлігі "Көлікті жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.
Осы баптың санкциясына сәйкес, 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түрінде жаза көзделген. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2021
Оқиға
Қарсы бетке шыққан: Нұр-Сұлтан тұрғыны тас жолда көз жұмды
Жаңалықтар
0