Қоғам

Ұшаққа найзағай түскен: Түркістан – Ыстанбұл рейсі кешігіп жатыр

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының ұшағын найзағай соқты. Осыған байланысты Түркістаннан Ыстанбұлға ұшатын рейс кешіктіріліп жатыр.
КС7425 Түркістан – Ыстанбұл рейсі 19 мамыр күні сағат 13:05-те ұшуға тиіс болған.
"Алайда ауа райының қолайсыздығына, нақтырақ айтқанда оның алдында орындалған рейсте ұшақтың алдыңғы бөлігіне найзағай түсуіне байланысты рейс кешіктірілді. Қауіпсіздік талаптарына сай ұшаққа тексеріс жүргізілуге тиіс. Біз рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының алдын алу үшін қолымыздан келгенін жасап жатырмыз, бірақ кейбір жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс екеніне назар аударамыз", - деп хабарлады FlyArystan.
Әуе компаниясының ақпаратынша, рейс Түркістаннан жергілікті уақытпен бүгін сағат 17:00-де ұшады деп жоспарланып отыр.
FlyArystan рейс жолаушыларына сусын мен ыстық тамақ берілгенін атап өтті.
Найзағай - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Өңірлер
Ақтөбе облысында бақташыға найзағай түсті - қазіргі жағдайы қалай
Жаңалықтар
0