Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина президенті қандай мәлімдеме жасады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПрезидент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел
Президент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
Украина Қарулы күштерінің қыстан бері жарияланған қарсы шабуылы күтпеген жерден өзгеріске ұшырады. Украинаның Жоғарғы қолбасшысы кенеттен "Үлкен жетіліктен" бейбіт саммит өткізіп, өзінің "бейбітшілік жоспарын" талқылауды сұрады, деп жазды РИА Новости.
G7 кездесуі бүгін Хиросимада басталады және оның мағынасы әлі белгісіз болғанымен ол жиында бейбіт жоспарлар шынымен де талқылануы мүмкін. Дегенмен Ресейдің қатысуынсыз Киевтің талаптарын талқылау нәтиже бермейді.
"Үлкен жетілік" көшбасшылары кез келген шешім қабылдап, қаулы шығара алады. Бірақ бұл Мәскеудің әрекетіне еш әсер етпейді.
"Мұндай жағдайда Батыстың жетекші саясаткерлері эмигранттарға ұқсайды. Себебі мүдделі тараптың қатысуынсыз әскери операция барысын және келісілгендей бейбіт жоспарды талқылау орынсыз. Сондықтан мұндай шешім мен қаулы ешкімге қажет емес", - деп жазылған материалда.
Анығында Зеленскийдің бұл мәлімдемесі көмек сұрау секілді сезіледі. Өйткені арнайы әскери операция Украинаны әбден шаршатқанға ұқсайды. Кезінде КСРО-ның ең бай республикасы болған елдің экономикасы қазір жоқ. Украина қарызға батып, ол берешек көлемі ұрпаққа мұра боп қалатын секілді. Ал украиналықтар кезінде Мәскеуден босаған соң, Еуропадағыдай өмір сүретініне сенді.
Бүгінде бұл мемлекет ең маңызды ресурсы – азаматтарынан айырылып жатыр. Шетелге кеткен еңбекке жарамды украиндар 5,5 миллионға жуықтады. Бұл азаматтар өздерімен бірге асырауындағы адамдарды, яғни балалары мен ата-аналарын қоса алып кеткен. Сондықтан бір жылдың ішінде Украинаның соғысқа дейінгі кезеңдегі бүкіл халқының үштен бір бөлігі дерлік қоныс аударды.
Тағы бірнеше миллион адам Ресейге қосылған кезде кетті. Бұл арнайы әскери операция аймағындағы адам шығынын есептемегендегі көрсеткіш – Америкадағылар бір жылда үш жүз мыңнан астам украин жауынгері қайтыс болды деп санайды.
"Украинада бүгін болып жатқан жағдай Америкамен достықтың үлгісі болып табылады. Соңғы отыз жылда америкалықтар мұны бүкіл әлемге ашық көрсетті.
Олар Югославияға демократия әкелді – ел әлем картасынан жоғалып кетті. Демократияны Иракқа, Ливияға, Ауғанстанға жеткіземін дегенімен, бұл елдерде нағыз дүрбелең басталды. Алайда ондаған жылдар бойы бұл елдерде америкалықтардың одақтастары билікте болды". – деп жазды мақала авторы.
The Washington Post басылымы 11 қыркүйектен бері АҚШ-тың басып кіруі немесе демократия орнатуға ұмтылысы салдарынан дүние жүзінде 4,5 миллионнан астам "жанама өлім" болғанын хабарлады. Бұл – бейбіт халық. Бұл көрсеткішке ондаған миллион босқынды, қираған өндірістерді, құлдыраған экономикаларды қосса, АҚШ сыртқы саясатының шынайы салдары айқын көрінеді.
Осындай іс-әрекеттің нәтижесінде бүгінде Украинада аласапыран орнаған. Жағдайдың ушыққаны соншалық, ел президенті бейбіт жоспар туралы мәлімдеме жасай бастады. Қарсы шабуылды бірнеше рет кейінге қалдыру мен бейбіт саммит өткізуге құлшыныс та осыны аңғартады.
Вашингтон әлі көздеген мақсатына қол жеткізбегендіктен, Украинаны Ресейге қарсы қолдануды жалғастыра береді. 2015 жылы бұл мақсаттарды саясаттанушы, танымал Stratforаналитикалық орталығының негізін қалаушы Джордж Фридман атап көрсеткен болатын. Ол "өз үстемдігін сақтау үшін АҚШ Германия мен Ресейдің байланысын үзуі керек" деп мәлімдеді.
Бұл жоспар орындалды: алдымен Украинада қақтығыстар ұйымдастырылды, кейіннен "Солтүстік ағын" газ құбырларында жарылыс болды, Герменмяның Киев режиміне қару-жарақ жеткізуі және Донбастағы неміс танктері.
Фридманның жоспары бойынша, енді америкалықтар Германия мен Ресей арасында "соғыс аймағын" құруы керек. Саясаттанушының пікірінше, Еуропа соғыстан қашып құтыла алмайды. Еуропа елдері мобилизациялаудан жалтара алып жатқанымен, Польша бастаған Еуроодақтың жаңа мүшелері Шығыс майданға аттанатыны анық. Бұл Еуропаның шығысы Украина тағдырын қайталайды дегенді аңғартады.
Жаңалықтар
0