Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы Бас консулдығын салтанатты түрде ашты – видео

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығын салтанатты түрде ашты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Бас консулдықты қысқа мерзім ішінде ашуға қолдау көрсеткені үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді.
"Төраға Си Цзиньпинмен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Сондай-ақ бірлескен мәлімдеме жасалды, бірқатар маңызды келісімге қол қойылды. Шын мәнінде, бұл сапар қазақ-қытай ықпалдастығының "30 жылдық алтын дәуірін" бастады деуге болады. Әрине, бұл сапардың мән-мағынасы ерекше. Бүгін – Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін тағы да бір аса маңызды әрі тарихи күн. Біз Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашқалы тұрмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Касым-Жомарт Токаев открыл Генеральное консульство Казахстана в Сиане
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Оның айтуынша, бүгінде Сиань – "Бір белдеу – бір жол" экономикалық белдеуінің маңызды бекеті. Шэньси өлкесі және Сиань қаласы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан.
"Солтүстік Қазақстан облысымен және Шымкент қаласымен бауырластық қатынас туралы келісімге қол қойылды. Бұл шаралар екі ел арасындағы барыс-келісті жандандыра түсері сөзсіз. Бас консулдық осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін", – деп толықтырды президент.
Мемлекет басшысы Сианьда Бас консулдық ашу туралы тиісті жарлыққа 2022 жылы 5 қарашада қол қойған болатын. Консулдық ғимаратында дипломаттармен қатар Қазақстанның экономикалық мүддесін ілгерілету үшін ұлттық компаниялардың өкілдіктері де орналастырылады.
© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Касым-Жомарт Токаев открыл Генеральное консульство Казахстана в Сиане
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы Бас консулдықты салтанатты түрде ашты
Бас консулдықтың ашылу рәсіміне ҚХР мемлекеттік кеңесінің мүшесі, сыртқы істер министрі Цинь Ган қатысып, Қытай үкіметінің құттықтауын жеткізді.
Қытайлық дипломаттың айтуынша, Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығының ашылуы екі елдің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді.
Қазақстан – Қытайдың Шэньси провинциясында өзінің дипломатиялық өкілдігін ашып отырған Орталық Азиядағы жалғыз ел.
Жаңалықтар
0