https://sputnik.kz/20230519/qazaqstannyn-zhana-kartasyn-zhasauga-qansha-tenge-zhumsaldy-35080191.html
Қазақстанның жаңа картасын жасауға қанша теңге жұмсалды
Қазақстанның жаңа картасын жасауға қанша теңге жұмсалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты Қазақстанның жаңа картасы әзірленді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш... 19.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-19T15:16+0500
2023-05-19T15:16+0500
2023-05-19T15:16+0500
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1204/10/12041008_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_cdb947abfe4c119724bc412a1a73289f.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты Қазақстанның жаңа картасы әзірленді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде құрамында жаңа құрылған облыстары бар Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы таныстырылды. Айтуынша, министрлік қызметкерлері үлкен жұмыс атқарып, 1:1 500 000 масштабымен Қазақстанның әкімшілік-саяси картасын жасап шығарды. Сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылды және 1 млн масштабпен Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының карталары әзірленді. Бұған қоса, 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен, ал 1:10 000 масштабпен Қонаев, Жезқазған, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды. Осы орайда журналистер Қазақстанның жаңа картасын жасауға қанша ақша кеткенін сұрады. "Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы мен алты облыстың картасын жасауға, облыс орталықтарының жоспар-сызбасын әзірлеуге 56 млн теңге жұмсалды. Соның ішінде Қазақстан картасының өзіне 10 млн теңге кетті. Жалпы республикалық бюджеттен 56 млн теңге жұмсалды", - деп жауап берді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1204/10/12041008_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_6bf63a995f8f9dc2e16fc5995de50649.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстанның жаңа картасын жасауға қанша теңге жұмсалды
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты Қазақстанның жаңа картасы әзірленді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде құрамында жаңа құрылған облыстары бар Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы таныстырылды.
"Былтыр президенттің жарлығымен үш жаңа облыс – Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды. Осыған сәйкес үкімет іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Ондағы тармақтардың бірі – Қазақстан Республикасының саяси картасын және жаңа облыстардың тақырыптық картасын өзектендіру болды", - дейді Тұрысов.
Айтуынша, министрлік қызметкерлері үлкен жұмыс атқарып, 1:1 500 000 масштабымен Қазақстанның әкімшілік-саяси картасын жасап шығарды.
Сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылды және 1 млн масштабпен Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының карталары әзірленді. Бұған қоса, 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен, ал 1:10 000 масштабпен Қонаев, Жезқазған, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды.
Осы орайда журналистер Қазақстанның жаңа картасын жасауға қанша ақша кеткенін сұрады.
"Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы мен алты облыстың картасын жасауға, облыс орталықтарының жоспар-сызбасын әзірлеуге 56 млн теңге жұмсалды. Соның ішінде Қазақстан картасының өзіне 10 млн теңге кетті. Жалпы республикалық бюджеттен 56 млн теңге жұмсалды", - деп жауап берді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев.