https://sputnik.kz/20230519/qazaqstannyn-1700-den-astam-kompaniyasy-qytayga-onimin-eksporttay-alady-35051953.html
Қазақстанның 1700-ден астам компаниясы Қытайға өнімін экспорттай алады
Қазақстанның 1700-ден астам компаниясы Қытайға өнімін экспорттай алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығына қатысты... 19.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-19T07:32+0500
2023-05-19T07:32+0500
2023-05-19T07:34+0500
экспорт
қытай
https://sputnik.kz/img/old/581/55/5815501_0:270:5184:3186_1920x0_80_0_0_f52ce39629d1c960f08e51e5343dd89c.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы бұршақ, жасымық, күнбағыс тұқымы, соя, мақсары мен зығыр тұқымын, сондай-ақ су өнімдерін (жабайы балық) жеткізу бойынша 3 хаттамаға қол қойды.Кедергілерді жою және екі елдің арасындағы ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу жұмыстары жалғасып жатыр.Бүгінгі таңда Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін: картоп, қызылша целлюлозасы, рапс, сұлы және жарма, бие сүті, құс еті және құс өнімдері, жылқы еті, салқындатылған сиыр еті, қой еті және шошқа етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мүмкіндігі пысықталып жатыр.Қазір Қытай нарығына экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізілімінде 1718 қазақстандық компания бар.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/581/55/5815501_288:0:4896:3456_1920x0_80_0_0_e79df4c51579a63699374f149b11f50d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экспорт, қытай
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы бұршақ, жасымық, күнбағыс тұқымы, соя, мақсары мен зығыр тұқымын, сондай-ақ су өнімдерін (жабайы балық) жеткізу бойынша 3 хаттамаға қол қойды.
Кедергілерді жою және екі елдің арасындағы ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда Қытаймен бидай, зығыр тұқымы, арпа, жоңышқа, жүгері, бал, жүн, сүт өнімдері, сиыр еті, қой және шошқа еті және басқаларын қоса алғанда, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің 23 түрін экспорттау бойынша қол қойылған хаттамалар бар", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бүгінгі таңда Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін: картоп, қызылша целлюлозасы, рапс, сұлы және жарма, бие сүті, құс еті және құс өнімдері, жылқы еті, салқындатылған сиыр еті, қой еті және шошқа етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мүмкіндігі пысықталып жатыр.
Қазір Қытай нарығына экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізілімінде 1718 қазақстандық компания бар.