Қазақстан мен Қырғызстанның тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр

© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаҚазақстан мен Қырғызстанның тулары
Қазақстан мен Қырғызстанның тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді.
Кездесу Алматыда болып жатқан "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" ІІ экономикалық форумының алаңында өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Тараптар сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы мен су-энергетика саласындағы ынтымақтастық және басқа да бірқатар мәселені талқылады", - деп жазылған хабарламада.
Әлихан Смайылов Қазақстан мен Қырғызстан арасында өзара сыйластық пен тату көршілікке негізделген сенімді қарым-қатынас дамып келе жатқанын атап өтті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 7,5%-ға өсіп, $1,1 млрд-тан асты. Оң үрдіс биыл да сақталып отыр.
"Жақын арада сауда айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бірлескен іс-қимылдар арқасында аталған мақсатқа қол жеткіземіз деп сенемін. Қазақстан үкіметі екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған көпқырлы өзара іс-қимылдың барлық саласы бойынша белсенді диалогты жалғастыруға дайын", — деді премьер-министр.
Ал Ақылбек Жапаров елдер арасындағы екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселе өзара түсіністік, сенім және қолдау рухында талқыланып, шешімін тауып жатқанын атап өтті.
"Бүгінгі кездесуіміз екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылауға және айқындауға жақсы мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деді Ақылбек Жапаров.
Жаңалықтар
0