https://sputnik.kz/20230519/politseyge-zhala-zhapqan-semey-turgyny-qamauga-alyndy-35088047.html
Полицейге жала жапқан Семей тұрғыны қамауға алынды
Полицейге жала жапқан Семей тұрғыны қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Өзін бопсалады деп полиция қызметкеріне айып таққан Семей тұрғынына сот үкімі шықты. 19.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-19T21:44+0500
2023-05-19T21:44+0500
2023-05-19T21:44+0500
бопсалау
полиция
семей
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Өзін бопсалады деп полиция қызметкеріне айып таққан Семей тұрғынына сот үкімі шықты.Іс әлеуметтік желілер арқылы жала жабу бойынша полицейдің рапорты негізінде қаралған.Сот отырысында Семей тұрғыны өз кінәсін толық мойындаған.Абай облысының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен тұрғын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3 бабы 2-бөлігі "жала жабу" (басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер) және 434-бабында "ұсақ бұзақылық" (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бопсалау, полиция, семей
Полицейге жала жапқан Семей тұрғыны қамауға алынды
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Өзін бопсалады деп полиция қызметкеріне айып таққан Семей тұрғынына сот үкімі шықты.
Іс әлеуметтік желілер арқылы жала жабу бойынша полицейдің рапорты негізінде қаралған.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес ол TikTok әлеуметтік желісі арқылы былапыт сөйлеп, полицейдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген", - делінген полиция мәліметінде.
Сот отырысында Семей тұрғыны өз кінәсін толық мойындаған.
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен тұрғын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3 бабы 2-бөлігі "жала жабу" (басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер) және 434-бабында "ұсақ бұзақылық" (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.