Білім

ММУ-дың қазақстандық филиалы халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

© PhotoКоманда Казахстанского филиала МГУ победила в международной олимпиаде
Команда Казахстанского филиала МГУ победила в международной олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының студенттері статистикадан халықаралық олимпиадада жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәскеуде 15-19 мамыр аралығында халықаралық студенттік статистикалық фестивалі өтті. Іс-шараны ТМД Статистика комитеті, Ресей федералды мемлекеттік статистика қызметі, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты –статистика саласын насихаттау, ТМД елдерінің статистикалық білім беру саласындағы жетістіктерін көрсету, ТМД елдерінің кеңістігінде статистикалық қоғамдастық қалыптастыру.
Сондай-ақ, фестивальден басқа статистика бойынша халықаралық студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға 7 елден 12 команда қатысты: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан. Бұл олимпиадаға Қазақстан атынан М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының және Нархоз университетінің студенттері шықты.
Олимпиада қатысушыларына статистика теориясы, әлеуметтік статистика, халық және еңбек статистикасы бойынша тестілеу түріндегі тапсырмалар мен "ТМД елдері студенттердің көзімен статистика айнасында (өз елдерінің мысалында)"тақырыбы бойынша командалық тапсырма ұсынылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының командасы бірінші орынға ие болды, Нархоз университеті "Кәсіби серпіліс" номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
Республикалық олимпиада жеңімпаздарына 29 білім гранты табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Республикалық олимпиада жеңімпазы атанған 29 оқушыға білім гранты табысталды
Жаңалықтар
0