Министр Дүйсенова наразылыққа шыққан аналарға жауап берді

© Видеодан скриншотАстанада мүгедек балалардың аналары наразылыққа шықты
Астанада мүгедек балалардың аналары наразылыққа шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада наразылыққа шыққан аналардың мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар министрліктер үйінің алдында жиналып, төрт жылдан бері шешілмай жатқан мәселелерін жариялады. 70 адам президент әкімшілігінің өтініш қабылдау бөліміне барды. Сол жерде әр біреуі арыз қалдырды, ішінде 18 талап бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың өзі аналармен әлі кездескен жоқ. Бірақ әріптестері наразылыққа шыққандардың талаптарын жеткізді. Министрдің айтуынша, арыздың ішінде басқа министрліктерге қатысты мәселелер де бар.
"Мәселен, баспана бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз жауабын беруі керек. Бұдан бөлек, денсаулық пен білім министрліктеріне қатысты мәселелер бар. Қазір осы арыздар бойынша бір жұмыс тобы құрылады. Сондықтан бәрін бірге қарап, жауап беретін боламыз. Ол кісілер өз ұсыныстарын жасады ғой, енді, біз бір айдың ішінде өз тарапымыздан мәселені шешу жолдарын ұсынуымыз қажет", - деді Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда министр мүгедек балаларға арналған құрал-жабдықтар не себепті сапасыз болатынын түсіндірді.
"Бізде әлеуметтік қызметтер порталының қосылғанын екі жылдай болып қалды. Адамдар қажетті құрал-жабдықтарды өздері таңдайды. Бірақ сапасы төмен дейді. Енді, бізге осы тауарларды жеткізетін компанияларға қатысты талаптарды күшейту керек. Мысалы, арбалардың нақты сипаттамасын береміз. Сонда оған сәйкес келмейтін компаниялар порталға кіре алмайды. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Талаптар күшейтіледі. 1 шілдеден бастап күшіне енеді", - деп атап көрсетті Дүйсенова.
Оның айтуынша, мүгедек балаларға қатысты шипажай-курорттық емдеу шаралары жағынан да шектеу жоқ. Бұрынғыдай қала береді, мемлекет тарапынан ақша төленеді. Баланы алып жүретін адамға да төлемдер қарастырылған.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Министрлік мүмкіндігі шектеулі жандарға қанша жәрдемақы төленгенін айтты
Жаңалықтар
0