Масаға таланбау үшін қандай түсті киім кию керек?

© AP Photo / Andre PennerМаса
Маса - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
Маса 85% жағдайда адамның киімінің түсіне қарайды
АСТАНА, 19мамыр – Sputnik. Күн жылынса Астанада маса қаптайды. Сондықтан зиянды жәндікпен күрес басталып кетті. Биыл алғаш рет биологиялық препаратпен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Жаз келісімен жұрт саябаққа ағылады. Бірақ маса көп болғасын онда ұзақ жүру мүмкін емес. Арнайы қорғаныс жақпа майын пайдаланбаса, қансонар жәндікке таланасың.
Ал мамандар масаны түгел жоя алмаймыз дейді. Айтуларынша, олар – суда мекендейтіндіктен балық, шыбын-шіркейдің азығы. Сондықтан тек биологиялық преперат арқылы санын азайтуға болатынын айтады. Басқа жолы жоқ.
Биология ғылымдарының докторы Әнуарбек Сибатаевтың пікірінше, масамен күресудің ең тиімді әдісі – суда өңдеу жұмыстарын жүргізіп, тұқымын азайту.
Айта кетері, масал 85% жағдайда адамның киімінің түсіне қарайды. Мәселен ашық түстерді жақтырмайды. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады екен.
Дәл қазір сулы аймақтарда масаға қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған арнайы биологиялық преперат Ресей мемлекетінен әкелінген. Адам өміріне еш зияны жоқ. Егер дозадан көп себілсе, табиғатқа кері әсер етуі мүмкін.
Жаңалықтар
0