Өңірлер

ШҚО-да университет әкімшілігі 2 млн теңгеге еден жуғыш сатып алмақ болған

© PhotoЕден сүрткіш
Еден сүрткіш - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. "Семей медицина университетінің" Өскемендегі филиалы матрац пен еден жуғышты қымбатқа сатып алмақ болған.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет талдау жұмыстарын жүргізген. Олар "Семей медицина университеті" тұрмыстық заттарды жоғары бағамен сатып алмақ болғанын анықтады.

"Білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас жиынтығын сатып алуды жоспарлаған. Алайда еден сүрткіштің орташа нарықтық құны 25 мың теңге, матрастың бір жиынтығының бағасы 30-дан 130 мың теңгеге дейін болады", - дейді ведомство.

Антикордың ұсынымынан кейін мемлекеттік сатып алу жоспарына түзетулер енгізіліп, шамамен 3 миллион теңге үнемделді.
Шығыс Қазақстанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілердегі сатып алуды қайта қарау нәтижесінде былтыр 425 миллион теңге үнемделген. Ал биыл 205 миллион теңге үнемделді.
Бояу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Сәтбаевта мектеп басшылығы бояудың бір құтысын 1,6 млн теңгеге сатып алмақ болған
Жаңалықтар
0