https://sputnik.kz/20230518/qytaydyn-sian-qalasynda-qazaqstannyn-logistika-ortalygy-ashylady-35029417.html
Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның логистика орталығы ашылады
Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның логистика орталығы ашылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Қытайдың Сиань қаласында құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығы ашылады, деп хабарлайды Ақорда. 18.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-18T12:21+0500
2023-05-18T12:21+0500
2023-05-18T12:39+0500
саясат
қытай
қала
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35022190_35:0:1246:681_1920x0_80_0_0_e8b69397020a226777cb487ed192f6f9.jpg
АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Қытайдың Сиань қаласында құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығы ашылады, деп хабарлайды Ақорда. Орталықтың іргетасын қалау рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы 23 миллион тонна жүк тасымалданған. Президенттің айтуынша, биыл бірінші тоқсанда жүк транзиті 35 пайызға артып, 7 миллион тоннадан асты. “Алыс-берісті одан әрі дамыту үшін қосымша инфрақұрылым қажет. Сондықтан қытайлық әріптестермен бірге Сиань қаласындағы құрғақ портта логистика орталығын салу керек деген шешім қабылдадық. Бұл хаб Шэньси аймағын Қазақстанмен, Орталық Азиямен байланыстырады. Әрі қарай Еуропаға, Түркияға және Иранға жол ашады. Жобаның толық іске қосылуы екі елдің ынтымақтастығына тың серпін береді деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Келесі жылдан бастап құрғақ порт арқылы электроника, компьютер бөлшектері, автомобиль мен автобөлшек, тоқыма бұйымдары, киім-кешек, аяқкиім мен аксессуарлар, азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс өнімдері мен құрылыс материалдары, сондай-ақ руда, металл және химиялық өнім тасымалдау жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20230518/toqaevtyn-tugan-kunine-senattyn-syylygy-qanday-ashimbaev-zhauaby-35024418.html
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35022190_186:0:1094:681_1920x0_80_0_0_0a0a321048ba09f9641e023c7b054ee1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қала, қазақстан
Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның логистика орталығы ашылады
12:21 18.05.2023 (жаңартылды: 12:39 18.05.2023) АЛМАТЫ, 18 мамыр - Sputnik. Қытайдың Сиань қаласында құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығы ашылады, деп хабарлайды Ақорда.
Орталықтың іргетасын қалау рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
"Еліміз соңғы 15 жылда бұл салаға 35 миллиард доллар инвестиция салды. Ляньюньган портында қазақ-қытай логистика орталығын құрдық. Жаңа теміржол бағыттарын аштық. "Қорғас – Шығыс қақпасы" құрғақ порты жұмыс істей бастады. Каспий теңізінде заман талабына сай инфрақұрылым жасалды", - дейді президент.
Былтыр Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы 23 миллион тонна жүк тасымалданған. Президенттің айтуынша, биыл бірінші тоқсанда жүк транзиті 35 пайызға артып, 7 миллион тоннадан асты.
“Алыс-берісті одан әрі дамыту үшін қосымша инфрақұрылым қажет. Сондықтан қытайлық әріптестермен бірге Сиань қаласындағы құрғақ портта логистика орталығын салу керек деген шешім қабылдадық. Бұл хаб Шэньси аймағын Қазақстанмен, Орталық Азиямен байланыстырады. Әрі қарай Еуропаға, Түркияға және Иранға жол ашады. Жобаның толық іске қосылуы екі елдің ынтымақтастығына тың серпін береді деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Келесі жылдан бастап құрғақ порт арқылы электроника, компьютер бөлшектері, автомобиль мен автобөлшек, тоқыма бұйымдары, киім-кешек, аяқкиім мен аксессуарлар, азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс өнімдері мен құрылыс материалдары, сондай-ақ руда, металл және химиялық өнім тасымалдау жоспарланып отыр.