https://sputnik.kz/20230518/nekeni-onlayn-formatta-tirkeuge-bolady-zhelide-taragan-aqparat-qanshalyqty-ras-35046925.html
"Некені онлайн форматта тіркеуге болады": желіде тараған ақпарат қаншалықты рас
"Некені онлайн форматта тіркеуге болады": желіде тараған ақпарат қаншалықты рас
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде 1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады. 18.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-18T21:00+0500
2023-05-18T21:00+0500
2023-08-09T16:06+0500
неке
https://sputnik.kz/img/110/39/1103912_0:313:6000:3688_1920x0_80_0_0_f6ce8d96199be8ec6aa9a4ce7e880d5a.jpg
АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде 1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады. stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарып, некені тіркеудегі өзгерістерге тоқталды.2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды. 1 шілдеден бастап жас жұбайлардың некесін АХАТ емес, ХҚКО қызметкерлері тіркейді. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкіметтің" хабарлауынша, жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады. Некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп, офлайн режимде береді. Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс. Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
https://sputnik.kz/20221027/temir-tordyn-ar-zhagynda-qiylgan-neke--otinish-berushi-ayelder-sany-artyp-barady-28837333.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/110/39/1103912_334:0:5667:4000_1920x0_80_0_0_fc3bb4cfaf7b7e9dd3559809e04d44a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
неке
"Некені онлайн форматта тіркеуге болады": желіде тараған ақпарат қаншалықты рас
21:00 18.05.2023 (жаңартылды: 16:06 09.08.2023) АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде 1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады.
stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарып, некені тіркеудегі өзгерістерге тоқталды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды. 1 шілдеден бастап жас жұбайлардың некесін АХАТ емес, ХҚКО қызметкерлері тіркейді.
"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-қа беріледі", - дейді ақпараттық портал.
Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкіметтің" хабарлауынша, жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады.
Некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп, офлайн режимде береді. Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс.
Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.