Спорт

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Канададан ұтылып қалды

Хоккей - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы келесі кездесуін 19 мамырда Словакияға қарсы өткізеді
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Канада құрамасының хоккейшілері Рига мен Тампереде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасын жеңді.
Ригада өткен В тобындағы кездесу 5:1 (4:1, 0:0, 1:0) есебімен аяқталды. Канада командасы Маккензи Уигар (1 минут), Лоусон Кроуз 6 және 8, Джо Велено (17) және Сэмюэл Блезді (42) гол соқты. Қазақстан құрамасы сапында Әділ Бекетаев (10) гол соқты.
Төрт рет қатарынан жеңіске жеткен Канада командасы 11 ұпаймен топтық турнирде көш бастады. Қазақстан құрамасы (2 ұпай) жетінші орында.
Бекетаев Қазақстан құрамасының сапында матчтың үздік ойыншысы атанды.
Әлем чемпионатындағы келесі кездесуін Қазақстан құрамасы 19 мамырда Словакияға қарсы өткізеді.
Хоккей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Спорт
Басына шайба тиген хоккейші қайтыс болды – видео
Жаңалықтар
0