https://sputnik.kz/20230518/ekibastuzda-zhylu-zhelilerinde-tagy-apat-boldy-video-35021059.html
Екібастұзда бір мезетте өзен пайда болды - ірі апаттың видеосы
Екібастұзда бір мезетте өзен пайда болды - ірі апаттың видеосы
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 18 мамыр - Sputnik. Екібастұз жылу желілерінің бірінде тағы да апат болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 18.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-18T10:54+0500
2023-05-18T10:54+0500
2023-05-18T11:00+0500
өңірлер
екібастұз
https://sputnik.kz/img/783/10/7831030_0:67:1281:787_1920x0_80_0_0_0399c9ebf50e410c610cfb30c28c58e6.jpg
ПАВЛОДАР, 18 мамыр - Sputnik. Екібастұз жылу желілерінің бірінде тағы да апат болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Павлодар тұрғынының айтуынша, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі магистраль қысымға шыдамай, салдарынан жылу желісіндегі су сыртқа аққан. Түске дейін траншеяны құрғатып, сағат кешкі беске дейін жылу желісіндегі апат жойылады деп уәде беріліп отыр. Әзірге ресми ақпарат жоқ.Екібастұздағы апатЕске сала кетсек, былтыр 27 қарашаға қараған түні Екібастұзда ЖЭО-да қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты 30 градустық аязда тұрғындар жылусыз қалды.28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін де, қазандықтар бірнеше рет істен шығып, жылу төмен параметрлерде берілді. "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Екібастұз ЖЭО қалаға қажетті жылу параметрлерін беруге қауқарсыз екенін айтты. Қыс бойы екібастұздықтар пәтерлердегі суық пен электр энергиясы үшін шығынға батқанын айтып шағымданды. Ақпан айында Екібастұзда ерлі-зайыптыны тоқ соғып, көз жұмды. Жылу батареясынан аққан су ашық электр сымына тиген. Екібастұз ЖЭО мен билік жылу желісінің проблемаларын бірнеше кезеңде шешуді жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20230515/pavlodar-men-ekibastuzda-shilde-ayynda-uylerdin-96-ine-ystyq-su-beriledi-34898643.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/783/10/7831030_70:0:1209:854_1920x0_80_0_0_fdd44e35a0a409962d0139202b28a5e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұзда бір мезетте өзен пайда болды - ірі апаттың видеосы
10:54 18.05.2023 (жаңартылды: 11:00 18.05.2023) ПАВЛОДАР, 18 мамыр - Sputnik. Екібастұз жылу желілерінің бірінде тағы да апат болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Павлодар тұрғынының айтуынша, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі магистраль қысымға шыдамай, салдарынан жылу желісіндегі су сыртқа аққан.
Түске дейін траншеяны құрғатып, сағат кешкі беске дейін жылу желісіндегі апат жойылады деп уәде беріліп отыр. Әзірге ресми ақпарат жоқ.
Еске сала кетсек, былтыр 27 қарашаға қараған түні Екібастұзда ЖЭО-да қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты 30 градустық аязда тұрғындар жылусыз қалды.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін де, қазандықтар бірнеше рет істен шығып, жылу төмен параметрлерде берілді.
"Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Екібастұз ЖЭО қалаға қажетті жылу параметрлерін беруге қауқарсыз екенін айтты. Қыс бойы екібастұздықтар пәтерлердегі суық пен электр энергиясы үшін шығынға батқанын айтып шағымданды.
Ақпан айында Екібастұзда ерлі-зайыптыны тоқ соғып, көз жұмды. Жылу батареясынан аққан су ашық электр сымына тиген.
Екібастұз ЖЭО мен билік жылу желісінің проблемаларын бірнеше кезеңде шешуді жоспарлап отыр.