https://sputnik.kz/20230518/advokatqa-sotqa-ayyptalushyny-qorgaytyn-qorgau-aktisin-engizuge-ruqsat-etilmek-35024260.html
Адвокатқа сотқа айыпталушыны қорғайтын қорғау актісін енгізуге рұқсат етілмек
Адвокатқа сотқа айыпталушыны қорғайтын қорғау актісін енгізуге рұқсат етілмек
Sputnik Қазақстан
Қорғау актісін дайындау үшін міндетті түрде айыпталушының келісімі керек 18.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-18T11:24+0500
2023-05-18T11:24+0500
2023-05-18T11:24+0500
адвокат
https://sputnik.kz/img/340/91/3409175_27:0:989:541_1920x0_80_0_0_227e68436cdbf814a0aae4fa8128977e.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Сотқа айыптау актісімен қатар айыпталушының адвокаттары әзірлеген қорғау актісі де қатар енгізілуі мүмкін. Әділет министрлігі адвокаттарға осындай құқық беруді көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, Қылмыстық-процестік кодексті жетілдіру үшін бірқатар норма енгізу ұсынылып отыр. Соның бірі – қылмыстық процесс аясында азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыру үшін сотқа қорғау актісін енгізу.Вице-министрдің айтуынша, қорғау актісіне қорғаушы тарап жинаған дәлелдемелерді қосу мүмкіндігі болады.Біріншіден, қорғау актісі судьяның сотталушыға қатысты біржақты пікірін қалыптастыруға кедергі жасайді.Екіншіден, адвокаттардың, әсіресе мемлекет тағайындайтын адвокаттардың іс жүргізу қызметін өз қорғаушыларының құқығын неғұрлым белсенді қорғауға және қорғауға ынталандырады."Қорғау актісін енгізу мүмкіндігі прокурордың және адвокаттың сот процесінде тиісті рөлдерді атқару кезіндегі қарсыласу мүмкіндіктерін теңестіреді. Қорғау актісінде қорғау және айыптау тараптарының дәлелдемелерін, кінәсіздік туралы не кінәсіздіктің аз дәрежедегі мәлімдемелерін, айыпталушының кінәсін ақтайтын не жеңілдететін дәлелдемелер туралы, дәлелдемелерді жинау және бекіту кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы талдау (келісім, дау және қорытындылар) және басқа да өтініштер көрсетілуі мүмкін", - деп түсіндірді вице-министр.Қорғау актісі қорғау тарапы айыптау актісімен танысқаннан кейін басты сот талқылауына дейін сотқа енгізіледі."Бұл ретте қорғау тарапына басты сот талқылауы барысында өтінішхаттарды мәлімдеуде, қорғау актісін толықтыруда не жаңасын жасауда шектеу қойылмайды", - деді Мұқанова.Қорғау актісін сотқа енгізудің міндетті шарты – айыпталушының келісімі. Яғни айыпталушы қорғау актісіне қол қоюы қажет.Сондай-ақ заң жобасында адвокаттарға көшірмесін алуға болатын құжаттардың тізбесін кеңейту көзделіп отыр."Қазіргі уақытта адвокаттар кейбір құжаттармен тек танысуға ғана құқылы. Адвокаттар азаматтарды қорғау үшін қажетті ақпаратқа ие болуы керек, өйткені олар заңға сәйкес өздерінің қорғаушыларының мүддесі үшін әрекет етеді", - деп санайды Мұқанова.
https://sputnik.kz/20230513/sholdala-shekara-zastavasyndagy-suitsid-tergeu-ayaqtaldy-34854368.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/340/91/3409175_147:0:868:541_1920x0_80_0_0_c35b25afc8ad41b99831c7708b6ac456.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адвокат
Адвокатқа сотқа айыпталушыны қорғайтын қорғау актісін енгізуге рұқсат етілмек
Қорғау актісін дайындау үшін міндетті түрде айыпталушының келісімі керек
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Сотқа айыптау актісімен қатар айыпталушының адвокаттары әзірлеген қорғау актісі де қатар енгізілуі мүмкін. Әділет министрлігі адвокаттарға осындай құқық беруді көздеп отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, Қылмыстық-процестік кодексті жетілдіру үшін бірқатар норма енгізу ұсынылып отыр. Соның бірі – қылмыстық процесс аясында азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыру үшін сотқа қорғау актісін енгізу.
"Қазіргі уақытта сот ісін жүргізуге айыптаушы тарап толық қалыптастырған қылмыстық іс келіп түседі. Бұл өз кезегінде судьялардың іс бойынша айыптау бейімділігін қалыптастыруға ықпал етеді. Сот тараптарға өз мүдделерін қорғау үшін тең мүмкіндіктер мен іс жүргізу белсенділігін қамтамасыз етуі керек екенін ескере отырып, қорғаушы тарапқа айыптау актісіне қарама-қарсы болатын қорғау актісін сотқа енгізу құқығын беру ұсынылады", - деді Мұқанова мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстырып.
Вице-министрдің айтуынша, қорғау актісіне қорғаушы тарап жинаған дәлелдемелерді қосу мүмкіндігі болады.
Біріншіден, қорғау актісі судьяның сотталушыға қатысты біржақты пікірін қалыптастыруға кедергі жасайді.
Екіншіден, адвокаттардың, әсіресе мемлекет тағайындайтын адвокаттардың іс жүргізу қызметін өз қорғаушыларының құқығын неғұрлым белсенді қорғауға және қорғауға ынталандырады.
"Қорғау актісін енгізу мүмкіндігі прокурордың және адвокаттың сот процесінде тиісті рөлдерді атқару кезіндегі қарсыласу мүмкіндіктерін теңестіреді. Қорғау актісінде қорғау және айыптау тараптарының дәлелдемелерін, кінәсіздік туралы не кінәсіздіктің аз дәрежедегі мәлімдемелерін, айыпталушының кінәсін ақтайтын не жеңілдететін дәлелдемелер туралы, дәлелдемелерді жинау және бекіту кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы талдау (келісім, дау және қорытындылар) және басқа да өтініштер көрсетілуі мүмкін", - деп түсіндірді вице-министр.
Қорғау актісі қорғау тарапы айыптау актісімен танысқаннан кейін басты сот талқылауына дейін сотқа енгізіледі.
"Бұл ретте қорғау тарапына басты сот талқылауы барысында өтінішхаттарды мәлімдеуде, қорғау актісін толықтыруда не жаңасын жасауда шектеу қойылмайды", - деді Мұқанова.
Қорғау актісін сотқа енгізудің міндетті шарты – айыпталушының келісімі. Яғни айыпталушы қорғау актісіне қол қоюы қажет.
Сондай-ақ заң жобасында адвокаттарға көшірмесін алуға болатын құжаттардың тізбесін кеңейту көзделіп отыр.
"Қазіргі уақытта адвокаттар кейбір құжаттармен тек танысуға ғана құқылы. Адвокаттар азаматтарды қорғау үшін қажетті ақпаратқа ие болуы керек, өйткені олар заңға сәйкес өздерінің қорғаушыларының мүддесі үшін әрекет етеді", - деп санайды Мұқанова.