Жұмысы жоқ 25 мың адамға СМС хабарлама жіберілді

© Photo : Dean MoriartyАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Жұмыссыз азаматтарға SMS арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабарланды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
SMS хабарлама 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген 25 мыңнан астам адамға жіберілген.
"Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарлама жіберілді", - деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.
Еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады.
Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда отбасының цифрлық картасы енгізілген болатын. Нәтижесінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы азаматтар анықталып, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік молайған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек
Жаңалықтар
0