https://sputnik.kz/20230517/ukimet-subsidiyalangan-tynaytqyshtardy-syrtqa-shygaruga-zhol-bermeu-zhoninde-shara-qabyldaydy-34964519.html
Үкімет субсидияланған тыңайтқыштарды экспорттауға шектеу қояды
Үкімет субсидияланған тыңайтқыштарды экспорттауға шектеу қояды
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Үкіметтің қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды... 17.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-17T09:09+0600
2023-05-17T09:09+0600
2023-05-17T09:23+0600
үкімет
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/1266/59/12665937_0:1:2048:1153_1920x0_80_0_0_cdd90dd38553472c83ac650a51572446.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Үкіметтің қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Бұл шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр.Аталған норма фермерлерге аса қажет аммоний нитраты және аммофос сияқты тыңайтқыштар түрлеріне қатысты.Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50% көлемінде субсидиялайды.Сонымен бірге бағаның төмендігін алыпсатарлар да пайдаланып кетіп жатыр.Осылайша, кеден органдары елімізде субсидияланатын тыңайтқыш өндірушілерден бөлек нарық субъектілері экспорттаған фактілерді де тіркеуде.Бұл отандық аграрийлердің сұранысын қамтамасыз етуге кері әсер етеді.Сондықтан Үкімет тыңайтқыштардың осы түрлерін тек оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылдады.Отандық аграрийлердің тыңайтқыштарға деген сұранысы өңір әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес басым тәртіппен қамтамасыз етілмек.Айта кету керек, қабылданған қаулы негізінде заңда белгіленген мерзімде тиісті лицензиялар беру тәртібін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленеді.ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті лицензия берумен айналыспақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1266/59/12665937_256:0:1793:1153_1920x0_80_0_0_6a8b569aea2ddd04bf814ff401d34ef4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
үкімет
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Үкіметтің қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр.
Аталған норма фермерлерге аса қажет аммоний нитраты және аммофос сияқты тыңайтқыштар түрлеріне қатысты.
Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50% көлемінде субсидиялайды.
Сонымен бірге бағаның төмендігін алыпсатарлар да пайдаланып кетіп жатыр.
Осылайша, кеден органдары елімізде субсидияланатын тыңайтқыш өндірушілерден бөлек нарық субъектілері экспорттаған фактілерді де тіркеуде.
Бұл отандық аграрийлердің сұранысын қамтамасыз етуге кері әсер етеді.
Сондықтан Үкімет тыңайтқыштардың осы түрлерін тек оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылдады.
Отандық аграрийлердің тыңайтқыштарға деген сұранысы өңір әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес басым тәртіппен қамтамасыз етілмек.
Айта кету керек, қабылданған қаулы негізінде заңда белгіленген мерзімде тиісті лицензиялар беру тәртібін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленеді.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті лицензия берумен айналыспақ.