Өзбекстан президенті Тоқаевты туған күнімен құттықтады

© Қазақстан президентінің баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты телефон арқылы 70 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біздің мемлекет басшымыз Қазақстан президентін 70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Оған зор денсаулық, амандық және толағай табыстар тілейді", - делінген хабарламада.
Өзбекстан президенті екіжақты қарым-қатынасты, стратегиялық әріптестікті және одақтастықты дамыту мен нығайту жолында Тоқаевтың зор үлес қосқанын атап өтті.
Айта кетейік Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамырда 70 жасқа толды.
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Фото
Тоқаев 70-ке толды: президенттің сирек кездесетін суреттері мен қызықты деректер
Жаңалықтар
0