Өскемендегі төбелесқұмар қыздардың ісі прокуратураға жолданды

© Sputnik / Рамиль СитдиковАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Өскемен полициясы резонанс тудырған қыздар төбелесіне қатысты істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған.
"Қылмыстық істі тергеу аяқталды, процеске қатысушылар тергеу нәтижелерімен таныстырылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің заңдылығын зерделеу және әрі қарай сотқа жіберу мәселесін шешу үшін Өскемен қаласының прокуратурасына жолданды", - дейді ведомство мамандары.
Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Өскеменде мектеп және колледжде оқитын қыздардың төбелесі әлеуметтік желіде жарияланған болатын.
Жастардың қатыгездігі талай адамның жанын түршіктірді, қоғам құқық қорғау органдарынан кінәлі адамдарды әділ жазалауды талап етті.
Жаңалықтар
0