"Мерейтойыңызбен!": Тоқаевты Түрікменстан басшысы құттықтады

© Photo : Қазақстан президентінің баспасөз қызметіҚазақстан мен Түрікменстан президенттері кездесті
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Түрікменстан басшысы Сердар Бердымұхамедов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сердар Бердымұхамедовтің құттықтауы "Нейтральный Туркменистан" газетінде жарияланды.
Бердімұхамедов мерейтой иесіне арнаған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан мемлекеттіліктің нығаюы мен қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму жолымен дәйекті түрде жүріп келе жатқанын атап өтті.
"Біз Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достық, стратегиялық қарым-қатынастардың дамуына қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Халқымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтеміз деген үміттемін", - деп атап өтті түрікмен басшысы.
Сондай-ақ Бердімұхамедов өз құттықтауында Тоқаевқа зор денсаулық, амандық, бауырлас қазақ халқының бақытты өмір сүруі және өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметте жаңа табыстар тіледі.
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Фото
Тоқаев 70-ке толды: президенттің сирек кездесетін суреттері мен қызықты деректер
Жаңалықтар
0