"Достығымызды жоғары бағалаймын": Лукашенко Тоқаевты мерейтойымен құттықтады

© Photo : Қазақстан президентінің баспасөз қызметіМемлекет басшылары Астанада өткен АӨСШК саммитінде
Мемлекет басшылары Астанада өткен АӨСШК саммитінде - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған құттықтау Беларусь Республикасы президентінің ресми сайтында жарияланған
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстанның мемлекеттілікті нығайтудағы, экономиканы жаңғыртудағы және халықаралық аренадағы беделін арттырудағы жетістіктері сіздің жоғары кәсібилігіңіздің және өз халқыңызға шексіз беріліп қызмет еткеніңіздің арқасында болды", - делінген құттықтауда.
Беларусь басшысы ауқымды экономикалық қайта құрулар, әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау үшін Қазақстан президенті таңдаған стратегиялық бағыт әрбір азаматтың нақты табысын одан әрі арттыруға және елдің әл-ауқатын арттыруға қызмет ететініне сенім білдірді.
"Мен біздің достық қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын. Өзара тиімді серіктестік пен сенім қағидаттарына негізделген Минск пен Астана арасындағы жемісті байланыстардың жалғасатынына нық сенім білдіремін", - деп жазды Александр Лукашенко.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Беларусь көшбасшысы зор денсаулық, бақыт және шығармашылық табыс тіледі.
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Фото
Тоқаев 70-ке толды: президенттің сирек кездесетін суреттері мен қызықты деректер
Жаңалықтар
0