Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Арнайы әскери операция аймағында Patriot зымырандары тиімсіз

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуАмериканские ракеты Patriot размещены в Польше
Американские ракеты Patriot размещены в Польше - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
Америкалық Patriot зениттік-зымыран жүйесі ресейлік гипердыбысты зымырандарға қарсы тұра алмайды. Өйткені ол секундына 2 200 метр жылдамдықтағы нысандарды анықтауға және тежеуге арналған, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресейлік "Кинжал" 10 Махтан астам жылдамдықпен, яғни секундына 3400 метрден жоғары жылдамдықпен ұшып, маневр жасайды. Patriot зениттік зымыран кешенінің радарлары зениттік зымырандарды анықтай алмайды және оларға зениттік зымырандарды бағыттай алмайды. Америкалық зениттік зымырандардың ең жоғарғы жылдамдығы секундына 1 700 метрді құрайды. Сондықтан украиналық әскери іс-қимылдар театрындағы Patriot зениттік зымыран кешенінің қиратылуы соңғы рет емес.
16 мамырда Ресей Федерациясы әскери-ғарыш күштерінің МиГ-31К жойғыш ұшағы "Кинжал" гипердыбыстық зымыранының соққысымен Киевте америкалық Patriot зениттік зымыран кешенін жойды. Бұл ретте қарсы тараптың жауынгерлік тобы өз зениттік кешенін қорғай алмады. Дуэль жағдайында "Кинжал" Patriot зениттік зымыран кешенінің батареясын сөзсіз жоя алады.
"Америкалық кешеннің декларацияланған ең жоғарғы қашықтығы ұрыс жағдайында 0,4 ықтималдығымен 80 километрді құрайды. Статистикаға сәйкес, үш зымыранның біреуі нысанаға тиеді. "Кинжал" 80 километр қашықтықты 23 секундта ұшып өтеді – зениттік зымыран кешенінің тобы қайта оқтамақ түлігі бас сауғалап үлгермейді", - деп жазды Хроленко.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Киев билігінің украиналық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі алты "Кинжал" зымыранын атып түсірді деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Ресей ешқашан Украина Қарулы күштерінің нысанына айналған мұнша көлемдегі гипердыбысты зымыранды ұшырмайды. Қанша жасыруға тырысқанымен, АҚШ пен НАТО-ның қолданыстағы және перспективалық әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері гипердыбыстық нысаналарды тежеуге технологиялық тұрғыдан қабілетсіз. Ал "Кинжалддың" 10 Мах жылдамдығы сағатына 12 250 километр немесе секундына 3 402 метрді құрайды.
Patriot зениттік зымыран кешенінің барлық модификациясы түрлі елдердегі және жергілікті қақтығыстардағы 40 жылдық қолданыста бірде-бір ұшақты атып түсірген жоқ. Америкалық кешеннің зымырандар мен дрондарды тежеуде де проблемасы бар. Бұған Ақ үйдің аспанын америкалық Patriot емес, норвегиялық NASAMS зениттік зымыран кешені күзетіп тұрғаны дәлел.
АҚШ кеше Украинадағы Patriot зениттік зымыран кешеніне Ресейдің зымыранмен жасалған шабуылының тиімділігін растағанымен, толық ақпарат беруден бас тартты. Ақ үй өкілі кешен толығымен жойылмағанын, бірақ гипердыбысты "Кинжалмен" зақымданғанын атап өтті және америкалық мамандар оны сол орында жөндеу мүмкіндігін зерттеп жатқанын айтты. АҚШ-тағы тағы бір анонимді ресми дереккөз жөндеуден кейін Patriot жүйесі Украинада қалатынын мәлімдеді. Жойылған Patriot батареясының құны 1,1 миллиард долларды құрайтынын, әрбір зениттік зымыран 2-4 миллион доллар тұратынын және Украина Қарулы күштері ондаған зымыранды босқа шығындағанын ескерсек, бұл мәселе үлкен дауға айналуы мүмкін.
"16 мамырда ресейлік біріктірілген соққының нәтижесінде Киевте зымыранды ұшыру қондырғылары, нысананы жарықтандыру және бағыттауға арналған радиолокациялық станция, сондай-ақ Patriot зениттік зымыран кешенін басқару станциясы зақымдалды. Батарея құрамына әрқайсысында төрт зымыраннан 4-8 ұшыру қондырғысы, көпфункциялы радар және басқа да қолдау машиналары кіреді", - деп жазды Хроленко.
Америкалықтар Patriot зениттік зымыран кешенін қарсы тараптың ұшақтарымен, баллистикалық және қанатты зымырандарымен күресуге арналған ең озық әуе шабуылына қарсы қорғанысы жүйелерінің бірі деп таныстырады. Алайда лшынайы әскери іс-қимылдар барысында Patriot зениттік зымыран кешенінің осал тұстары арнықталып жатыр.
Парсы шығанағындағы соғыстан кейін он жыл өткен соң, Пентагон өзінің "Патриоттарын" тиімдірек PAC-3 конфигурациясына дейін мрдернизациялады. Ол ұрыста бірнеше қысқа қашықтықтағы зымыранды және пилотсыз ұшу аппаратын қиратқанымен, көптеген нысанаға дөп тие алмады. Тіпті қателесіп Ирактағы АҚШ пен оның одақтастарының F-18 Hornet, RAF Tornado, UN-60 Black Hawk ұшақтарын атып түсірді.
Хроленконың пікірінше, америкалық орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің мүмкіндіктерін асыра бағалаудың астарында бюджеттік мақсат жатыр. Мысалы, 2023 жылы АҚШ Конгресі зымыранға қарсы қорғаныс бағдарламаларына 30 миллиард доллар бөлді. Алайда Украинаға бұған дейін бөлінген 48 миллиард доллар әскери көмектің 6 миллиард доллары ғана резервте қалды және қосымша қаражат туралы келісу оңай болмайды.
Ресеймен текетірес үшін Батыс барған сайын үлкен шығынға батып жатыр. Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында ресейлік әскер тәулігіне британиялық жеті қанатты зымыранды (бағасы 7 миллион доллар), сондай-ақ ондаған HARM радиолокациялық шабуылға қарсы зымыран мен HIMARS реактивті снарядтарын атып түсіріп жатыр. Эскалация кезеңдері мен Батыстың шешілмейтін проблемалар кешені әлемді ядролық соғысқа жақындатып, АҚШ пен НАТО-ны тығырыққа тіреді.
The American Conservative басылымы былай деп жазды: "Шындығында, Украинаның Ресейге қарсы соғыста жеңу мүмкіндігі Мексиканың АҚШ-пен соғыста жеңу мүмкіндігімен бірдей. Қақтығысты ұзарту бұл жағдайды өзгертпейді".
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0