400 мың теңге пара алған шенеунік 12 млн теңге айыппұл арқалады

© © Sputnik / Айсулу Жумагуловасот үкімі
сот үкімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының үкімімен Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде 12 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ол "Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс" объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды",- делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Қоғам
Астанада басқарма басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0