https://sputnik.kz/20230516/zhyl-basynan-beri-qazaqstan-ekonomikasy-5-ke-osti-34920708.html
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 5%-ке өсті
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 5%-ке өсті
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Биыл қаңтар-сәуір айларында елдің ішкі жалпы өнімі бес пайызға өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T10:48+0600
2023-05-16T10:48+0600
2023-05-16T10:48+0600
қазақстан
экспорт
сауда
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/899/86/8998614_47:0:2452:1353_1920x0_80_0_0_3e360f04f5ed93dee5b803d2e3d9b34e.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Биыл қаңтар-сәуір айларында елдің ішкі жалпы өнімі бес пайызға өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18%-ке өсті. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 39,3%-ке, ауыл шаруашылығында – 26,5%-ке, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда – 10%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 18,1%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 17,3%-ке және өңдеу өнеркәсібінде – 7%-ке артты. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды. "Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 13,4%-ке өсіп, 32,7 млрд долларды құрады. Экспорт 18,7 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1%-ке ұлғайып, 5,9 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 14 млрд долларды құрады", - деді министр. Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/86/8998614_348:0:2152:1353_1920x0_80_0_0_d8ed7c955a66a0a12e9f7445f165d700.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қазақстан, экспорт, сауда
қазақстан, экспорт, сауда
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Биыл қаңтар-сәуір айларында елдің ішкі жалпы өнімі бес пайызға өсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл 4 айда былтырғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ке өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 4,8%-ті, ал қызмет көрсету саласындағы өсім – 4,9%-ті құрады", - деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Айтуынша, негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18%-ке өсті. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 39,3%-ке, ауыл шаруашылығында – 26,5%-ке, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда – 10%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 18,1%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 17,3%-ке және өңдеу өнеркәсібінде – 7%-ке артты.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.
"Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 13,4%-ке өсіп, 32,7 млрд долларды құрады. Экспорт 18,7 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1%-ке ұлғайып, 5,9 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 14 млрд долларды құрады", - деді министр.
Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең.