Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қарсы шабуыл үшін Батыстан қандай қару сұрады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПрезидент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел
Президент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
Ресейлік зымырандардың 16 мамырға қараған түні Украина астанасындағы Украина Қарулы күштерінің нысандарына жасаған соққысын Киевтің әскери әкімшілігі "тығыздығы бойынша айрықша" деп атады. Жарияланған видеожазбалар нысандардың зақымдалғанын және батыстық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің тиімсіздігін дәлелдеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина Қарулы Күштерінің қолбасшылығы "Киев аспанында анықталған барлық 18 зымыран атып түсірілді, оның ішінде алты гипердыбыстық зымыран бар" деп мәлімдеді. Reuters және Washington Post басылымдары Киев саябақтарынан ұшырылған НАТО-ның зениттік зымырандары тұрғын үй аудандарға қарай сіңіп кеткенін анық көрсетті.
"Батыстан келген қару-жарақ Украинаға төнген қауіпті тек күшейтіп жатыр. Жақында Хмельницкий маңында құны 500 миллион доллар тұратын Украина Қарулы күштерінің арсеналын жою осыған дәлел бола алады. Дегенмен Киев режимі әлі де мәмілеге келуді қарастырмай отыр. Зеленский кезекті шетелге сапарында тағы да қару-жарақ талап етті. Бірақ НАТО-ның жойғыш ұшақтарын Украина Қарулы күштеріне бермеді, альянсқа қабылдау туралы Киевке уәде де берілмеді", - деп жазды Хроленко.
Ұлыбритания Зеленскийге бұрын жеткізілген 200-ге қоса тағы 200 дана шабуылдаушы пилотсыз ұшатын аппарат пен 400 дана Storm Shadow қанатты зымыранын беруге уәде етті. Сондай-ақ Лондон Киевке британиялық әуе күштерінен тыс соққы беретін ұшақтарды тауып беретіні белгілі болды.
Германия Киевке 2,7 миллиард еуро көлемінде "пакет" бөлді: 20 дана Marder жаяу әскер машинасы, 30 дана модернизацияланған Leopard 1 A5 танкі, 18 дана RCH 155 дөңгелекті гаубица, 100 дана броньдалған машина, 200-ден астам барлауға арналған пилотсыз ұшу аппараты, артиллериялық снарядтар, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе зымырандары және тағы төрт IRIS-T SLM әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі.
Франция бірнеше ондаған AMX-10RC броньдалған барлау машинасын, 250 километрге дейін жететін SCALP-EG қанатты зымырандарын және Украина Қарулы күштері мамандарын, соның ішінде жойғыш ұшақ ұшқыштарын оқытуды жалғастыруға уәде берді. Франция президенті Эммануэль Макрон "Біз ұшқыштарды даярлауды жалғастыра береміз және бұл іске басқа бірнеше еуропалық мемлекет қосылады" деп мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ Украинаға әуе қорғаныс жүйелеріне баса назар аудара отырып, тағы 1,2 миллиард доллар көлемінде әскери көмек беруге уәде еткен. Бұл Киевте Patriot зениттік зымыран кешені әлдеқайда артуына әкеледі.
"Батыс сарапшылары 250 километрге дейін жететін, салмағы 450 килограмм оқтұмсықпен алып жүретін британиялық Storm Shadow қанатты зымырандарын Украина Қарулы күштерінің шабуыл операциялары үшін ең маңызды және қажетті техника деп санайды. Бұл америкалық "Томагавктың" еуропалық аналогы болып табылады. Британ-француздық әуеден ұшырылатын қанатты зымыраны өткен ғасырдың соңында жерасты немесе нығайтылған командалық пункттерді, басқару және байланыс орталықтарын, көпірлер мен өндірістік ғимараттарды жою үшін жасалған", - деп жазылған материалда.
НАТО сарапшылары Storm Shadow зымырандарын Украина Әскери-әуе күштері құрамындағы кеңестік Су-24, Су-27 және МиГ-29 ұшақтарының борттық жүйелерімен интеграциялады. Украина Қарулы күштері үшін де белгілі бір жерүсті ұшыру қондырғысы дайындалған болуы мүмкін.
Британиялық зымырандар ақылды болғанымен, жаңа емес, сондықтан ол радарда көрінеді. Украинадағы арнайы әскери операция аймағында ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері соңғы 24 сағат ішінде мұндай жеті зымыранды жойды. 12 мамырда Ресей әскери-ғарыш күштерінің жойғыш ұшақтары Storm Shadow зымыранын бағыттаған украиналық Су-24 бомбалаушы ұшағын және оны сүйемелдеген МиГ-29 жойғыш ұшағын жойды.
Немістердің отызға жуық модернизацияланған Leopard 1 A5 танктері сырттай өте жақсы көрінгенімен, олар 60 жылдан бері қолданыста тұр. Сондықтан кеңестік Т-54 танкінің аналогы саналатын бұл техниканың жаңғырту әлеуеті әлдеқашан таусылды. 1986 жылғы А5 модификациясы алдыңғы нұсқаларынан EMES-18 атысты басқару жүйесімен, кіріктірілген лазерлік қашық өлшеуіш құралы және тепловизоры бар ату дәлдеуіші арқылы ерекшеленгенімен, 105 миллиметр калибрлі зеңбірек өткен ғасырға жатады.
Германия бұған дейін Украинаға 40 даана көлемінде BMP Marder техникасын жеткізген. Бундесверде бұл жауынгерлік көлік 1971 жылы пайдалануға қабылданды. 20 миллиметрлі автоматты зеңбірек пен кіріктірілген 7,62 миллиметрлі зеңбірегі бар броньдалған қос орынды мұнара командир мен бағыттауышқа атысты жүргізуге мүмкіндік береді. Екінші 7,62 миллиметрлі зеңбірек қашықтан басқарылатын айналмалы қондырғыға орнатылған. Автокөліктің корпусы болат қаңылтырлардан дәнекерленген, алдыңғы бронь 20 миллимтерлі снарядтардан қорғайды. Сондықтан 2010 жылдан бері Puma жаяу әскері машинасының Бундесвердегі ескі "Мардерді" ауыстыруы заңды. Бундесвер параллельді түрде 1,2 миллиард долларға 50 дана Puma техникасын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.
Хроленконың мәліметінше, француздардың AMX-10 RC жауынгерлік барлау көлігі де әлеуеті жағынан асып тұрған жоқ. Мұнарадағы тегіс ұңғылы 105 миллиметрлі зеңбірек және 7,62 миллиметр калибрлі пулемет зеңбірекпен жұптастырылған қаруы бар. AMX-10RC-тің жұқа броньдалған қаптамасы үлкен калибрлі снарядтардан немесе танкке қарсы зымырандардан қорғамайды. Машина 1976 жылдан бері ескірді, өндіріс 1994 жылы тоқтатылды. Украинаға жолданатын техникалардың тізімінде атыс қашықтығы 54 километрге дейін жететін немістердің тәжірибелік 155 миллиметрлі RCH 155 өздігінен жүретін гаубицасы және орташа қашықтыққа жүретін IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғанысы жүйелері көш бастап тұр.
АҚШ генералы Марк Хертлинг Washington Post газетіндегі мақаласында былай деп жазды: "Шабуыл операциялары көбірек күшті, жақсы маневрді, дәл көздеу мен атуды, ұзақ әрі сенімді жеткізу желілерін талап етеді. Украина армиясы әлі күнге дейін шабуылда мұндай әрекет жасаған емес. Тіпті тәжірибелі және жақсы дайындалған күштердің бірнеше шешуші шабуыл нүктелеріне ұрыс күшін шоғырландыру өте қиын".
Хроленконың пікірінше, Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы Батыс үшін үлкен тәуекелдерге толы. Өйткені стратегиялық шешім қабылданғаннан кейін АҚШ пен НАТО-ның резервтері мен ресурстары жаппай жойылады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0