https://sputnik.kz/20230516/ukimettin-zhumysy-khalyqtyn-al-auqatyna-qalay-aser-etti-34948646.html
Үкіметтің жұмысы халықтың әл-ауқатына қалай әсер етті
Үкіметтің жұмысы халықтың әл-ауқатына қалай әсер етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтардың азық-түлік пен денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындары артып, кәсіпкерлік емес мақсатқа алатын кредиттері өскен... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T17:01+0500
2023-05-16T17:01+0500
2023-05-16T17:15+0500
кредит
үкімет
табыс
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075200_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_d7d0ebbb0d7722ff9ab58146b75ebb92.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтардың азық-түлік пен денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындары артып, кәсіпкерлік емес мақсатқа алатын кредиттері өскен. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Годунова мәжілісте 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырды."Біз орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің ұлттық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысы адамдардың өмір сапасына қалай әсер еткенін көрсетуге тырыстық", - деді палата төрағасы.Оның айтуынша, тұтыну себетінің сапасы өзгерген, бірақ жақсы жағына емес.Халықтың тапқан табысынан азық-түлікке жұмсайтын шығындары да өскен. Қазақстандықтар ай сайынғы кірісінің 41%-інен 60%-іне дейін тамаққа жұмсайды.Тағайындалған орташа зейнетақының үлесі орташа жалақыға шаққанда 29%-ті құрайды.Табысы өте төмен топтардың өсу тенденциясы байқалады. Бүгінде олардың саны шамамен 10%, ал өсім 0,24% тармақ.Халықтың үй сатып алу үшін жинақтау қабілеті төмен. Азаматтарға баспанаға қаражат жинау үшін 11-15 жыл уақыт қажет.Сондай-ақ Годунованың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 29 негізгі азық-түліктің тек 12-сін ғана Қазақстан өзі шығарады. Алты тауар бойынша отандық нарықты қамтамасыз ету көрсеткіші 80%-тен төмен.Бұдан бөлек, халықтың денсаулыққа жұмсайтын жеке шығындары бір жылда 30 пайызға артқан. Яғни азаматтар ақылы медицинаға көп жүгінеді."Бізде республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына және МӘМС жүйесіне шығындар үнемі өсіп жатқанын ескерсек, бұл айтарлықтай жоғары деңгей", - деп есептейді Годунова.Сонымен қатар кәсіпкерлік емес мақсатқа берілген кредиттер бір жылда 30%-ке өсіп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075200_0:0:1821:1366_1920x0_80_0_0_05397fde7889cbbfa5913545853912e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, үкімет, табыс
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтардың азық-түлік пен денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындары артып, кәсіпкерлік емес мақсатқа алатын кредиттері өскен. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Годунова мәжілісте 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырды.
"Біз орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің ұлттық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысы адамдардың өмір сапасына қалай әсер еткенін көрсетуге тырыстық", - деді палата төрағасы.
Оның айтуынша, тұтыну себетінің сапасы өзгерген, бірақ жақсы жағына емес.
Халықтың тапқан табысынан азық-түлікке жұмсайтын шығындары да өскен. Қазақстандықтар ай сайынғы кірісінің 41%-інен 60%-іне дейін тамаққа жұмсайды.
Тағайындалған орташа зейнетақының үлесі орташа жалақыға шаққанда 29%-ті құрайды.
"Әрине, бұл жаман емес, бірақ дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40 пайызды құрайды", - дейді Годунова.
Табысы өте төмен топтардың өсу тенденциясы байқалады. Бүгінде олардың саны шамамен 10%, ал өсім 0,24% тармақ.
Халықтың үй сатып алу үшін жинақтау қабілеті төмен. Азаматтарға баспанаға қаражат жинау үшін 11-15 жыл уақыт қажет.
Сондай-ақ Годунованың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 29 негізгі азық-түліктің тек 12-сін ғана Қазақстан өзі шығарады. Алты тауар бойынша отандық нарықты қамтамасыз ету көрсеткіші 80%-тен төмен.
Бұдан бөлек, халықтың денсаулыққа жұмсайтын жеке шығындары бір жылда 30 пайызға артқан. Яғни азаматтар ақылы медицинаға көп жүгінеді.
"Бізде республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына және МӘМС жүйесіне шығындар үнемі өсіп жатқанын ескерсек, бұл айтарлықтай жоғары деңгей", - деп есептейді Годунова.
Сонымен қатар кәсіпкерлік емес мақсатқа берілген кредиттер бір жылда 30%-ке өсіп отыр.