https://sputnik.kz/20230516/shakhterlerdin-zeynet-zhasyna-qatysty-sheshim-mamyrdyn-ayagynda-qabyldanady-34930213.html
Шахтерлердің зейнет жасына қатысты шешім мамырдың аяғында қабылданады
Шахтерлердің зейнет жасына қатысты шешім мамырдың аяғында қабылданады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтарды зейнетке ерте шығару мәселесіне қатысты шешім мамыр айының аяғында... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T11:38+0500
2023-05-16T11:38+0500
2023-05-16T11:38+0500
шахтерлер
зейнет жасы
https://sputnik.kz/img/402/94/4029414_0:31:1100:650_1920x0_80_0_0_db93660290bab42d5b8b193ee8d5ad42.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтарды зейнетке ерте шығару мәселесіне қатысты шешім мамыр айының аяғында қабылданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін еңбек министрлігі зиянды өндірісте істейтін азаматтардың зейнет жасын төмендету бойынша сақтандыру компанияларының есептерін күтіп отырғаны хабарланған болатын. Үкімет кулуарында журналистер бұл мәселенің қалай шешілгенін сұрады. Айта кетері, еңбек министрлігі зиянды өндірісте 25 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан азаматтарға міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлеуді ұсынып отыр. Сонымен қатар осы азаматтарға кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылса, кәсіби зейнетақыға қосымша арнайы төлем тағайындау ұсынылды. Ведомство бұл ұсыныстарды сақтандыру компанияларымен талқылап жатыр.
https://sputnik.kz/20190825/Qaragandy-sahter-kuni-mereke-11355617.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/402/94/4029414_96:0:1005:682_1920x0_80_0_0_dec292f2aee90dde39473e5b9ad80d17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахтерлер, зейнет жасы
Шахтерлердің зейнет жасына қатысты шешім мамырдың аяғында қабылданады
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтарды зейнетке ерте шығару мәселесіне қатысты шешім мамыр айының аяғында қабылданады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін еңбек министрлігі зиянды өндірісте істейтін азаматтардың зейнет жасын төмендету бойынша сақтандыру компанияларының есептерін күтіп отырғаны хабарланған болатын.
Үкімет кулуарында журналистер бұл мәселенің қалай шешілгенін сұрады.
"Кеше мен жұмыс берушілермен кездестім. Бүгін біз сақтандыру қорларымен кездесеміз. Таяу арада мәмілеге келеміз деп ойлаймын. Мен ертең-ақ консенсусқа келуге дайынмын, бірақ бұл жерде біздің серіктестер бар ғой. Айдың аяғында біз сіздердің алдарыңызға шығамыз", - деп жауап берді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында.
Айта кетері, еңбек министрлігі зиянды өндірісте 25 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан азаматтарға міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлеуді ұсынып отыр. Сонымен қатар осы азаматтарға кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылса, кәсіби зейнетақыға қосымша арнайы төлем тағайындау ұсынылды.
Ведомство бұл ұсыныстарды сақтандыру компанияларымен талқылап жатыр.