https://sputnik.kz/20230516/reseylikti-qala-ishinde-400-euroga-zhetkizip-tastagan-taksist-zhazalandy-34935509.html
Ресейлікті қала ішінде 400 еуроға жеткізіп тастаған таксист жазаланды
Ресейлікті қала ішінде 400 еуроға жеткізіп тастаған таксист жазаланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 мамыр – Sputnik. 27 жастағы такси жүргізушісі ресейлікті Алматы әуежайынан қаланың Марков көшесінде орналасқан мекенжайға дейін жеткізіп тастағаны... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T13:56+0500
2023-05-16T13:56+0500
2023-05-16T16:33+0500
таксист
такси жүргізушісі
https://sputnik.kz/img/161/83/1618306_0:0:3253:1830_1920x0_80_0_0_c7d12ea9655bd8779147c6870130755e.jpg
АЛМАТЫ, 16 мамыр – Sputnik. 27 жастағы такси жүргізушісі ресейлікті Алматы әуежайынан қаланың Марков көшесінде орналасқан мекенжайға дейін жеткізіп тастағаны үшін 400 еуро (шамамен 200 мың теңге) алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.Осы жылдың 3 мамырында сағат 17.00-де Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы арызданып, Алматы қаласы әуежайының такси жүргізушісіне қатысты шара қабылдауды сұраған. Такси жүргізушісі ресейлік азаматты қаланың Марков көшесінде орналасқан мекенжайға жеткізіп тастап, сол қызметі үшін 400 еуро алған.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арыз берушіні діттеген жеріне жеткізіп тастаған "Мерседес-Бенц" автокөлігі мен оның иесі анықталды. Ол 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты.Жауап алу кезінде ер адам өзінің кінәсін мойындап, ресейлік азаматқа ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарып берді.Осы факт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ер азаматқа 21 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20230511/zholda-uyyqtap-ketken-taksi-zhurgizushisi-politsiya-koligine-sogyldy--34781793.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/83/1618306_315:0:3046:2048_1920x0_80_0_0_ec1e8ac075668a92af97f8c2cfe2368d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
таксист, такси жүргізушісі
таксист, такси жүргізушісі
Ресейлікті қала ішінде 400 еуроға жеткізіп тастаған таксист жазаланды
13:56 16.05.2023 (жаңартылды: 16:33 16.05.2023) АЛМАТЫ, 16 мамыр – Sputnik. 27 жастағы такси жүргізушісі ресейлікті Алматы әуежайынан қаланың Марков көшесінде орналасқан мекенжайға дейін жеткізіп тастағаны үшін 400 еуро (шамамен 200 мың теңге) алған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы жылдың 3 мамырында сағат 17.00-де Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы арызданып, Алматы қаласы әуежайының такси жүргізушісіне қатысты шара қабылдауды сұраған. Такси жүргізушісі ресейлік азаматты қаланың Марков көшесінде орналасқан мекенжайға жеткізіп тастап, сол қызметі үшін 400 еуро алған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арыз берушіні діттеген жеріне жеткізіп тастаған "Мерседес-Бенц" автокөлігі мен оның иесі анықталды. Ол 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты.
Жауап алу кезінде ер адам өзінің кінәсін мойындап, ресейлік азаматқа ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарып берді.
Осы факт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ер азаматқа 21 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.